Бір отбасының берекелі бизнесі

Бір отбасының берекелі бизнесі
ашық дереккөз
Бір отбасының берекелі бизнесі
Кәсіпкерлікке кездейсоқ келмеген жанның бірі – Нұрбосын Сыбанбаев. 1976 жылдың 20 қаңтарында қарапайым отбасында дүниеге келген ол мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қатарластарының алды болады. Ал, 1996 жылы сол кездегі ел астанасы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, үлкен өмірге қадам басады. Еліміздің ең беделді оқу орнында грантта оқып, жоғары білім алған ол уақыт өте заң факультетіне магистратураны оқуды мақсат етеді. Кейіпкеріміз 2002 жылы Айгүл Құлымбетовамен шаңырақ көтерген соң, отбасылық кәсібін бастауды мықтап қолға алады. Бұл ретте оған келіншегі Айгүл өмірлік серік қана емес, бизнестегі сенімді серіктесі бола білді. Жас жұбайлар алғашында пәтерлерді салумен және жөндеумен айналысады. Сондай-ақ, мейрамханалар ашып, халықаралық коммерциялық тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында логистикамен айналысады. Әрине, бұл жұптың бірнеше ай бойы табыс әкелмеген кәсіптері болды. Десе де, еңбекқор жандар сәтсіздік үшін қолды бір-ақ сілтемей, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге күш салды. Жасыратыны жоқ, кәсіпкер боламын әрбір азамат шетелді аралайтыны белгілі. Сол секілді Нұрбосын мен Айгүл де мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-та жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинайды. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер шетелде 300-ден астам жүк түрін тасымалдап, брокерлермен және клиенттермен серіктестік байланыс орнатады. Отағасы тіпті осы жылдары өзіне тиесілі көлігімен 500 мың мильден астам жол жүріп, түрлі қиындықтарды еңсереді. Кәсіп бастаудан емес, бос өмір сүруден қорқу керек дегенді жөн көретін Нұрбосынның ендігі мақсаты – өзіне тиесілі көлік компанияларының санын көбейту. – Жалпы, жеке кәсіп бастағанда батылдық, қайсарлық және адалдық қажет. Оған қо са қайырымдылық жасауды да естен шығармаған дұрыс. Сонда бәрі өз ретімен болады және кәсібіңіз де жемісін береді. Өзгелерге неғұрлым көп көмектессең, соғұрлым оның жақсылығы екі-үш есе болып қайтатыны анық. Әрине, алғашқы табысым мен соңғы табысымның айырмашылығы жер мен көктей. Бастысы, адал табыс. Шүкір деймін, осыған дейін бастаған кәсіптерімнің ешқайсысы жаман болған жоқ. Болашақта бірнеше көлік компанияларын ашуды миссиям деп қабылдаймын. Қазіргі күні алдыма қойған мақсатым осы, – дейді Нұрбосын Сыбанбаев.  

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар