Журналист мойынқұмдықтармен жүздесті
Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «Amanat» партиясымен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Оқу-ағарту министрлігімен, Республикалық ардагерлер ұйымы мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік- танымдық сайтымен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты республикалық экспедициясын басқарып келген Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбаеваны қабылдады. Қабылдауға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Жұманазар Көдеков, аудандық аналар алқасының мүшесі Айнаш Боташева, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірхан Төлеулиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева және БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінгі күнге дейін республикамыздың бірқатар облысын аралап келе жатқан Сәуле Мешітбайқызы әуелі ауданның әлеуметтік-саяси жағдайынан хабар алды. «Соңғы жылдары бұл ауданның жағдайы жақсарып келеді. Аудан басшысы ретінде сіз де аянбай еңбек етіп келесіз. Ауыл шаруашылығын, экономиканы, саясатты жақсы білесіз. Ең бастысы – елге жанашырлық көңіліңіз ерекше. Алдағы уақытта да еңбегіңіз жана берсін. Айтбай Назарбеков пен Жазылбек Қуанышбаев шыққан ауданнан іскер азаматтар шықпауы мүмкін емес»,–деді Сәуле Мешітбаева.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




