Белсенді қарттар ұзақ өмір сүреді
Қарттар мен зейнеткерлерді қолдап, оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асқан мекеме облыста тұңғыш рет бой көтерді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Карашөкеев қатысты.
– Ардагерлер – біздің алтын қорымыз. Ардагерлердің денсаулықтарын жақсартып, өмір жасын ұзартуға арналған белсенді ұзақ өмір орталығын ашып отырмыз. Жаңа орталық құтты болсын! – деді аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы.
Зейнеткер қариялар осында бос уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын жақсарта алады. Оларға тегін әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетіледі.
Орталықта жаттығу залы, йога, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд залы бар. Ұлттық би, вальс, хор, вокал, сәндік-қолданбалы өнері, емдік денешынықтыру, тіл үйрену сынды үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен бірге, тиісті мекемелермен байланыс жасау арқылы мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, бассейнге бару мүмкіндіктері жасалған. Осы қамқорлықтар мен мүмкіндіктер барлық деңгейдегі зейнет жасындағы кісілерге ақысыз, тегін көрсетіледі.
Гүлжан РАХМАН
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




