«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Терең білім тәрбиеден басталады

Терең білім тәрбиеден басталады
ашық дереккөз
Терең білім тәрбиеден басталады
Білектің емес, білімнің күшімен ілгерілейтін жаңа заманда бәсекеге қабілеттілік тек білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, білім кеңістігіне кірігіп, жүйені зау биікке көтеруде бар жауапкершілік ұстаздар қауымына жүктелетіні анық. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатқанын, талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыздың соғұрлым тез артатынын және бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор екендігін айта келе, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыру, шығармашылық жұмысына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғастырылатындығын атап көрсетті. Қазіргі таңда елімізде сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды әлеуметтік-рухани, адамгершілікке тәрбиелеудің ерекше қажеттігі туындап отыр. Дамудың бүгінгі ғылыми-технологиялық тренді жастардың жаңалыққа, өзгерістер мен жедел іс-қимылға, шапшаң шешім қабылдауға бейімделуін тездетті. Біз де өз кезегімізде осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үстіндеміз. Төле би атындағы №8 гимназиясы Оқу-ағарту министрі мен «Адамның үйлесімді дамуы» ұлттық институты ұсынған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» ашып, жұмыс жүргізуде. Осыған орай «Мектеп-Бала-Ата-ана» үштік одағының іс-шаралары басталды. Орталықтың негізгі қызметі – балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, әр отбасыға өз әлеуетін ашуға көмектесіп, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру. Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы балалардың әл- ауқатын қамтамасыз ету мақсатында орталық жанынан «Даналық мектебі» клубы құрылып, бағдарламаға сәйкес ата-аналар қауымы үшін тақырыптық сабақтар өткізіле бастады. Мәселен, қазан айында «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Отбасы – бақыт бесігі» сабақтары жүргізілсе, қараша айында 1-4-сынып ата-аналарына «Білімдіге дүние жарық», 5-9-сынып ата-аналарына «Ақыл айтпа, жол көрсет», жасөспірімдердің бейімделуіне байланысты 10-11-сыныптарда «Көркем мінез – баға жетпес байлық» тақырыптарында ашық сабақтар өтті. Клубқа қарасты «Ата», «Әке», «Аға», «Әже», «Ана», «Жеңге» мектептері білім ошағының білікті, тәжірибелі ұстаздарына жүктелді. Оқушыларға терең білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, зерттеу мүмкіндігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын жетілдіру – қоғамдағы өзекті мәселе. Бұл жайында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеумен қатар, оларға сапалы білім беру ісін басты назарда ұстау маңыздылығын айтып келеді.    

Қаракөз БЕКТІБАЕВА,

Төле би атындағы №8 гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар