Экологиялық мәселелерді шешу жолдары талқыланды
Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарының барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аймақ тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінде кездесу өткізді. Министр республикамызда министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыс барысына тоқталып, баяндама жасады. Соңынан облыс тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жеке қабылдау өткізді. Бұдан кейін Ерлан Нысанбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Министр өңірдегі экологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Айтуынша, осы жылдың 9 айда қоршаған ортаға шығарылған шығарындылар 44,8 мың тоннаны құраған. Облыстың экологиялық проблемаларын шешудің 2020-2024 жылдарға арналған жол картасына 15 шара енгізілген. Оның 10-ы аяқталса, төртеуі орындалмаған, бір іс-шара алынып тасталған. Бүгінгі күні бұдан бөлек жоспардың келесі кезеңіне 25 іс-шара енгізіліп, орындалу үстінде.
Министр сондай-ақ азаматтармен жеке қабылдау өткізгенін, оның барысында қоршаған ортадағы ластаушы заттардың, өндірістік қалдықтардың мониторингі, қолданыстағы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізу, заңсыз ағаш кесу үшін жауапкершілікті арттыру және тағы басқа мәселелер көтерілгенін айтты.
Онда журналистер тарапынан осы салаға қатысты сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету, Балқаш көлінің төңірегіндегі экологиялық ахуал, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жүзеге асырылуы сынды мәселелер төңірегінде сауал жолдады. Ерлан Нысанбаев Тараз қаласында ағынды суларды тазарту кешенін салу мәселесі Экология министрлігінің бақылауында екенін айтты.
– Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық «ҚазОрталығы» арқылы жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Алдағы уақытта халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жаңа жоба болады деп сенеміз. Бұл жұмыс министрліктің бақылауында. Біз, негізінен, саясатты анықтаймыз және жобаға талаптарымыз бар. Бүгінгі таңда жобаға түзетулер енгізіліп жатқанын білеміз. Тек соңғы нұсқасын аяқтап, жобаны жүзеге асыруға кірісу керек», – деді Е.Нысанбаев.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді