олардың арасында Тараз қаласының тұрғыны да бар
YK-news.kz. сайтының хабарлауынша, 200 қазақстандық Ай мен Марстан жер сатып алыпты. Әдеттен тыс іспен айналысатын кеңсе өзі туралы өткен жылдың басында паш еткен. Содан бері 200 жер телімі сатылған. Ай бетіндегі жерге деген сұраныс Алматы, Шымкент, Тараз және Астана қалаларынан көбірек түсіп жатқан көрінеді. – Мұндай дерек пен дәйек аталған қала тұрғындарының көптігі мен менталитетіне және басқа өңірлерге қарағанда заман көшінен қалмағандықтарын көрсетеді, – дейді еліміздегі америкалық «Ай елшілігі» өкілдігінің бірінші хатшысы Тасболат Қамбаров. Бір қызығы, Ай мен Марстан жер сатып алған адамға оның «көк қағазымен» бірге, сол жақтың ағылшын тілінде жазылған Ата заңы да табыс етіледі. Бүгінде жер шарының 180 елінен төрт миллион адам Ай мен Марстан жер алып үлгеріпті. Олардың арасында Джордж Лукас, Мик Джаггер, Джон Траволта, Том Круз, Николь Кидман, Клинт Иствуд, Арнольд Шварцнеггер, Роналдо және басқалар бар екен. Ұйымның арнайы сайтында бастама иесі американдық Днеис Хоуп екені айтылған.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Күзде Starlink желісі ресми түрде өз жұмысын бастайды
- 19 маусым, 2025
Есіл еңбекті жырлаған майдангер
- 1 мамыр, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді