Халық саны артып келеді

Халық саны артып келеді
ашық дереккөз
Халық саны артып келеді
Бір жылда ел халқы 1,4 пайызға көбейіп отыр. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19,9 миллион адамды құраған. Бұл сандар көрсеткіші былтырғыдан 1,41 пайызға артық екенін мамандар мәлімдеген болатын. Биыл жыл басына қарай елімізде 19,8 миллион адам болса, жылдық өсім 1,35 пайызға жеткен. Осы жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, халық саны ең көп өңірлер Алматы қаласы 2,2 миллион, Түркістан облысында 2,1 миллион және Алматы облысында 1,5 миллион. Ал, ең азы Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары екендігі байқалған. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық санының төмендеуі байқалғаны расталған. Көрсеткіш бойынша жыл басында ерлер саны бір жылда 1,4 пайызға өсіп, 9,6 миллион адамға, әйелдер саны 1,3 пайызға өсіп, 10,1 миллион адамға жеткен. Әйелдердің жалпы саны ерлер санынан 4,9 пайызға асып түскені мәлім болды. Ал, ел халқының 35,5 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар құраған. Шамамен 7 миллионға жеткен. Елде 29 жасқа дейінгі 2,7 миллион жас бар. Ал, 60 пен 69 жас аралығындағы халық санына келер болсақ 1,6 миллион, 70 пен 79 жас аралығындағылар 681,6 мың, 80 жастан асқандар 317,3 мыңға жеткен. Облыста 10 айлық есептік көрсеткіш бойынша 2022 жылы 1522, ал 2023 жылы 1115 бала дүниеге келген. 2022 жылы 8 егіз сәби, 1 үшем дүние есігін ашқан. 2023 жылы болса, 10 егіз бала өмірге келген.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

     

Ұқсас жаңалықтар