Отан қорғау - әр елге ортақ парыз

Отан қорғау - әр елге ортақ парыз
ашық дереккөз
Отан қорғау - әр елге ортақ парыз
Жамбыл облысында Қазақстан-Үндістан мемлекеттері бірлескен «KAZIND-2023» лаңкестікке қарсы антитеррорлық оқу-жаттығуы басталды. Осыған орай, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының гвардиялық гарнизонында салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған қос елдің қарулы күштерінің әскери қызметшілері қатысты. Бірлескен тактикалық оқу-жаттығуға қатысушыларды қарсы алған әскер қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Бауыржан Күреңкеев «KAZIND» оқу-жаттығуы бесінші рет өткізіліп отырғанын атап өтті. – Жыл өткен сайын өзара әріптестік негізде әдіс-тәсілдерді меңгеру, ортақ тіл табу оңайға соғып келеді. Мұндай ауқымды іс-шаралар бөлімшелеріміздің жоғары үйлесімділігіне қол жеткізу үшін және сарбаздарымыздың тәжірибесін толықтырып, біліктілігін арттыруда маңызы орасан зор, – деп атап өтті Бауыржан Күреңкеев. Айта кетсек, Қазақстан мен Үндістан әскерилерінің алғашқы бірле скен оқу- жаттығуы 2018 жылы өткен болатын. Сол жылы қазақстандық мотоатқыштар батальоны Үндістанға бірлескен миссияны орындауға аттанды. Келесі оқу-жаттығу құрлық әскерлерінің ТМД аумағындағы ең ірі полигоны болып саналатын «Мәтібұлақта» ұйымдастырылды. Аталған полигонның үлкен аумағы артиллерия мен авиацияны қатыстыра отырып, кең көлемдегі тактикалық жаттығуларды өткізуге толық мүмкіндік береді. Содан бері оқу-жаттығулар екі елдің полигондарында кезектесіп өткізіліп келеді. Қазақстан тарапынан оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері тұрақты түрде қатысып келеді. Биыл оқу-жаттығудың басқа түрлері мен бөлімдерінен оқу-жаттығуға жаңа қатысушылардың келуіне байланысты оның форматы біршама өзгерді. Осылайша, биыл бірлескен оқу-жаттығуға Үндістан Қарулы Күштерінен Әскери-әуе күштерінің жеке құрамы, ал қазақстандық контингентке Әуе- шабуылдаушы күштерінің бөлімшесі қосылды. – Жыл сайынғы «KAZIND» оқу-жаттығуы Үндістан мен Қазақстан Қарулы Күштері арасындағы берік байланыс пен достықты көрсетеді. Мұндай жаттығулар аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін маңызды және біз олардың ынтымақтастығымызды нығайтып, ортақ қауіпсіздігімізге ықпал ететініне сенімдіміз, – деп атап өтті Үндістан контингентінің қолбасшысы, полковник Маниш Пант. «KAZIND-2023» лаңкестікке қарсы бірле скен оқу-жаттығуы аясында Қазақстан мен Үндістанның әскери қызметшілері стандартты емес жағдайларда лаңкестікке қарсы антитеррорлық операцияларды, қалалық және ауылдық жерлерде ұрыс қимылдарын жүргізу элементтерін машықтанатын болады. «KAZIND-2023» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы Қазақстан мен Үндістанның Қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру аясында өтуде. Оқу-жаттығудың мақсаты – Қазақстан мен Үндістан қарулы күштерінің бірлескен іс- қимылдар кезіндегі ынтымақтастығын жақсарту.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар