Жаңа баспана – ел игілігі үшін
Құрылыс – экономиканы ілгерілетудің бір тетігі. Жаңа нысан тұрғызылғанша көптеген адамдарға жұмыс орындары ашылады, құрылысы аяқталған соң халықтың игілігіне қызмет етеді. Дәл осындай ел игілігіне жараған жаңа бір нысан Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында бой көтерді. Ол – «Арай» тұрғын үй алабы. Онда 80 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй салынып, аталған аймақтың балалары үшін 300 орындық жаңа мектеп тұрғызылды. Бұл тұрғын үй а лабындағы қос үйдің пәтерлері әлеуметтік осал топт ағы және көпбалалы отбасыларына, сонымен қат ар жетім балаларға кезекке сәйкес берілген. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жасұлан Өмірқұловтың айтуынша, әлеуметтік осал топ санатына асыраушысы қызмет барысында қайтыс болған, толық қандас, зейнеткер, 1-2 топтағы мүгедектер және мүгедек бала асыраушы азаматтар жатады. Үйлер жылумен, газбен, электр қуатымен толықтай қамтамасыз етілген.
– Әзірге бұл үйлерге иелері түгелдей көшіп келген жоқ. Тұрғындар жартылай ғана қоныстанды. Көппәтерлі үйлердің ауласына балалар ойын алаңы орнатылып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Жаңа тұрғын үй алабы болғандықтан, әлгі екі көпқабатты үйлерден басқа жеке үй салулары үшін тұрғындарға жер телімдері де берілген. Олардың ішінде де құрылыс жүргізіп жатқандары бар. Сондықтан, біз әлі ол алаптағы жолдарды асфальттаған жоқпыз, тек шағал тас төсеп қойдық. Себебі, құрылыс жүріп жатқандықт ан ауыр техникалар жүреді, асфальт тез бүлінеді. Алапқа тұрғындар 60-70 пайыз қоныстанғанда ғана асфальттаймыз. Тұрғындар көптеп көшіп келгенде осы аймаққа қоғамдық көлікті де жүргізетін боламыз.
Құлан ауылында бір ғана ауыз су имараты бар, жаз айларында тұрғындар тарапынан суға сұраныс артқандықт ан, судың қысымы азаяды. Осы мәселені шешу үшін «Арай» тұрғын үй алабынан жаңа ауыз су ғимаратын салуды бастадық. Құрылысы келесі жылға өтпелі. Бұйырт с а, келе сі жылдың жаз айларында салынып бітеді, сол кезден бастап су қысымының төмендеу мәселесі шешіледі, – дейді бөлім басшысы Жасұлан Бейшенқұлұлы.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, инфрақұрылымы жөнінде сұрағанымызда жауапты мамандар бәрі талапқа сай жабдықталғанын жеткізді.
– «Арай» тұрғын үй алабындағы бірінші көппәтерлі үй құрылысының келісімшарт құны 593 миллион 726 мың теңгені құрады. Ал, екіншісінің сметалық құны 673 миллион 726 мың теңге болды. Бірінші үйді «Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салды, ал екінші үйді тұрғызған мердігер компания – «Тараз строй-2004» серіктестігі. Үйлердің ауласындағы балалар алаңын, инженерлік инфрақұрылымды басқа мердігер жүргізді. Мұнда 38-39,17 шаршыметрлік көлемді 1 бөлмелі және 52,33-53,90 шаршыметрлік 2, 65,71-ден 67,85 шаршыметрге дейінгі аумақты алатын 3 бөлмелі пәтерлер бар. Кімге берілетінін арнайы құрылған тұрғын үй комиссиясы анықтап жатыр. Осы үйлерге берілетін электр қуатының жүйесі 2018 жылы салынып басталған, қазір ішкі жүйелер бөлек, сыртқы жүйелері бөлек жасалынып, толықтай қамтамасыз етілді. Жылыту жүйесі үшін модульді қазандық орналастырылған, көгілдір отынмен жылытылады, – дейді аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Эльмира Сағындықова.
Жаңа үйлердің тұрғындарымен жүздеспекке аталған алқапқа арнайы бардық. Аулада кездескен тұрғын Алма Жүнісова:
– Жолдасым 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат болғандықтан, тұрғын үй кезегімен жаңадан тұрғызылған үйдің 55-пәтерін алдық. Үй кезегіне 2012 жылы тұрған едік, баспаналы болу биыл бұйырыпты, шүкір. Сапалы өмір сүруге қажетті жағдайдың бәрі де жасалған, үйіміз жылы, жарық, су келіп тұр. Осындай қамқорлық танытқан мемлекетімізге, билік басындағыларға алғысымды айтамын. Аллаға шүкір етіп, «Өз үйім» дегізер Отанымның барына қуанамын, – деп разы пейілін байқатты.
– Құланға Құмарық разъезінен 2009 жылы көшіп келіп, жалдамалы пәтерде тұрып келдім. Үй кезегіне 2010 жылы тұрып, алдымен Алланың бұйрығымен, содан соң өз елімнің, үкіметтің көмегімен биыл жаңа баспанамның кілті қолға тиді. Мамыр айында көшіп келдім. Шүкір, жағдайымыз жақсы. Осындағы 1 бөлмелі пәтерде қызым және немерем үшеуміз тұрып жатырмыз. Осы үйден өсейік, өнейік, еліміз аман болып, мемлекетіміз өркендей берсін, – деп зейнеткер Сағымкүл Дүйсенбетова да шынайы алғысын жаудырды.
Көршілерінің сөзіне қосылып, аналық алғысын білдірген Дәкен Айтпаева:
– Ұлым дүниеден өткенде келінім екі ұл, екі қызымен қалған еді. Содан асыраушысынан айырылған ана ретінде баспана кезегіне 2004 жылы тұрған, он сегіз жыл күткен өз үйімізге биыл қол жеткіздік. Қазір немерелеріммен екі бөлмелі пәтерде тұрып жатырмыз. «Орнында бар оңалар» деген рас, келінім мен немерелерім ұлымның ошағын өшірмей, жаңа қоныстың қуанышын бірге көріп отырмыз. Үйімізде барлық жағдайлар жасалған, мемлекетімізге рақмет айтамыз, – деді.
Қамар ҚАРАСАЕВА.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді