Еңбектен тапқан бақытын

Еңбектен тапқан бақытын
ашық дереккөз
Еңбектен тапқан бақытын
Бұл әулет өңір түгілі, республикаға таныс. Себебі, Мұрат Тілешов – елімізге белгілі атақты футболшы. Мұраттың әкесі Әзімбек Тілешов 17 жасынан еңбекке араласып, Мойынқұм, Талас, Сарысу өңірлерінде құдықшы болып, мал- жанға су шығаратын бригадада 1969- 1971 жылдары жұмыс атқарыпты. 1971 жылдан бастап, үш жыл әскери теңіз флотында матрос болып, борышын өтеген. Сосын 1975 жылдан бастап, табаны күректей 22 жыл Жаңатас, Тараз қалаларының ішкі істер органдарында қызмет атқарады. 1997 жылы зейнетке шыққанымен, 2021 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде әр деңгейдегі жұмыст армен айналысады. Былтырдан бастап облыстық ардагерлер кеңесінің және «Елдік мүдде» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Облыстық футбол федерациясының атқару комитетінің мүшесі ретінде де белсенді. Әзімбек Тілешов 2012 жылы Таразда бірінші болып шағын футболдан отбасылық команда құрған азамат. «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты о сы ре спубликалық дәстүрлі турнирдің төрт рет Тараз қаласында өтуіне өз үлесін қосты. 2018 жылы Алматы қаласында өткен кезекті жарыста отызға жуық команда жетекшілерінің арасында «Үздік бапкер» атанды. Спортқа қосқан үлесі үшін Қазақстан футбол федерациясының 30, 110 жылдығына арналған медальдарымен марапатталған. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан алған марапаттары да аз емес. Өзі әдеби көркем кітапты да көп оқиды. Отанасы Тамара Әбибұллақызы 1979 жылы Алматыдағы медицина лық университетте провизор мамандығын алған. Бірнеше жыл Жаңатас қаласында дәріханаларда қызмет атқарып, абыройға бөленді. Өз ісінің шебері. Әзімбек ата жұбайымен бірге бес ұл-қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр. Жоғарыда айтылғандай, тұңғыш ұлдары Мұрат – кәсіби футболшы. Еліміздің шабуылшы ретінде 3, үздік сұрмерген ретінде 3 дүркін чемпионы. Супер кубок иегері. Футболдан ұлттық құрама командасының мүшесі ретінде шет мемлекеттердегі талай маңызды ойындарға қатысты. Қазіргі уақытта Түркістан қаласының «Тұран» футбол командасының бапкері. Мира Әзімбекқызы Астанада қызмет атқарса, полиция академиясын бітірген Әлия Астана қаласында құқыққорғау саласында еңбек етуде. Ләззаты Тараздағы бөбекжай- бақшаларының бірінде хореограф маман. Ал, кенже ұлдары Азамат – жеке кәсіпкер. Перзенттерінің барлығы жоғары оқу орындарын бітірген. Олардан әзірге 8 немере бар. Немерелердің жетістігі де өз алдына бір төбе. Жуырда Черногория елінде футболдан халықаралық жарысқа Мұраттың ұлы Даниэль «Астана - 11» командасының сапында барып, чемпион болып қайтты. Өзге немерелері де жетістіктерімен қуантуда. – «Үйлену оңай, үй болу – қиын» демекші, отбасының беріктігін сақтау оңай емес. Қазіргі таңда көптеген шаңырақта табыс табу, байлық бірінші кезекке шыққан. Негізі бірінші кезекте отбасының сыйласуы, ынтымағы болуы керек. Сондықтан, жас шаңырақтарда түсініспеушілік орын алуда. Оларға ынтымақ пен бірлікті, тәрбиені түсіндіретін кейбір ата-ананың өзі байлықтың құлы болып жүр. Осы жағы қиын. Бақ қай кезде де ынтымаққа барады. Осыны естен шығармаған жөн, – дейді Әзімбек қария.  

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар