Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес
ашық дереккөз
Қоғамдық кеңес

 Жазасын өтеушілермен кездесті

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың арасында дәстүрлі емес діни бағытын ұстанушылары арасында дін мамандарын тарта отырып оңалту жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар республикаға танымал дінтанушы мамандарды тарта отырып семинарлар, топтық және жеке кездесулер ұйымдастыру. Бүгінде республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Асқар Акимханов Тараз қаласында орналасқан 158/2 және 158/7 түзету мекемелерінде оңалту жұмыстарын жүргізіп, жеке және топтық кездесулер өткізді.

Оңалту жұмыстары жүргізілуде

Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының тапсырысымен «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстарын жүргізді. ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың арасында дәстүрлі емес діни бағытын ұстанушылары арасында оңалту жұмыстарын жүргізуге Тараз қаласы бойынша 10 дінтанушы маман тартылып уақытша жұмыспен қамтылды. Әр маман аптасына 1 рет, айына 4 рет, 6 айда 24 рет кездесулер ұйымдастырып жоба аясында бүгінге дейін жалпы саны 480 жеке және топтық кездесу өткізді. Сонымен қатар, түзету мекемелерінде 10 адамға бейімдеу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік түзету мекемелерінде жұмыс жасауға тартылған 10 дінтанушы мамандар тізімі Жамбыл облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының ұсынысы бойынша тартылған.

Семинар-кеңестер өткізді

Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының тапсырысымен «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстарын жүргізуде. Тапсырыс аясында Тараз қаласының 10 дін танушы маманы тартылып жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, тапсырыс аясында жыл соңына дейін республикаға танымал 6 дінтанушы мамандар шақырылып, ҚАЖД мекемелерінде семинарлар ұйымдастырылды. Семинарларды Асқар Акиханов, Фаизулла Тайталиев, Нұржан Стамбакиев, Нұржан Смагулов, Түсіпхан Имаммәди, Ертай Исатаев сынды республикаға танымал дінтанушы мамандар келіп жүргізіді. Аталған мамандар семинарлармен қоса түзету мекемелерінде жеке және топтық кездесулер өткізді.  

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры.

Ұқсас жаңалықтар