Еңбек адамдарының құқығын қорғау – басты мәселе

Еңбек адамдарының құқығын қорғау – басты мәселе
ашық дереккөз
Еңбек адамдарының құқығын қорғау – басты мәселе
Облыстық кәсіподақтар орталығының бастамасымен 10 ауданда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде аудандық үшжақты комиссия отырыстары өтті. Оған Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов қатысты. Аудан әкімдерінің төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде жалақы қарыздарына жол бермеу, өндірістік жарақаттың алдын алу, салалық кәсіподақ ұйымдарының атқарған жұмыстарының ақпаратын тыңдау, еңбек заңнамаларының сақталуы, жұмысшыларды жұмыстан қысқартпау және аудандарда жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мәселелері қаралды. Жиынды ашып, жүргізген облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов бірінші кезекте кәсіподақтар орталығының жұмысымен таныстырып, облыстық үшжақты комиссия отырысында қаралатын негізгі мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымдарының еңбеккерлер құқығы мен мүддесін қорғауда атқарып отырған жұмыстары жайында айтып берді. Сонымен қатар, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы осы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, кәсіпорындарда өндірістік жарақатқа жол бермеу және ондағы еңбекті қорғау жөніндегі техниалық инспекторлардың жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды. Бұдан бөлек, аудандардағы кәсіподақ ұйымы жоқ кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын құру қажеттігін айтты. Атап айтар болсақ, барлық аудандарда биыл 68 рет үшжақты комиссия отырысы өтіп, онда 100- ден аса жұмыс берушілердің мәселесі қаралып, 1957 жұмыскердің еңбек құқығы мен мүддесі қорғалған. Бүгінде бұл аудандар бойынша 5300- ден аса жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бар. Бұл ұйымдардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнес саласында. Осы ұйымдарда, әсіресе ауыл шаруашылығы мен орта және кіші бизнес салаларында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрып, бұл жұмыстарды одан әрі жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын, жиынға қатысып отырған ауыл әкімдері, жұмыс берушілер мен шаруа қожалықтарына жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, барлық отырыста Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының аудандық кәсіподақ комитеті мен «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының облыстық филиалына қарасты аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ ұйымы жетекшілерінің аудандағы кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды. Өз кезегінде комиссия мүшелері ұсыныс- пікірлерін алға тартып, жауаптар алды. Жиын соныңда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы көтерген мәселелері жөнінде және күн тәртібінде қаралған сұрақтар бойынша аудан әкімдері жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді. «Бұл кездесулердің басты мақсаты – аудандарда жергілікті деңгейде шешілуі тиіс әлеуметтік еңбек мәселелерін түпкілікті қарап, шешімін табу. Ал, облыстық деңгейде шешілуі қажет әлеуметтік мәселелерді алдағы күндері облыс әкімінің төрағалығымен өтетін облыстық үшжақты комиссия отырысында талқылау болып отыр. Сонымен қатар, аудандарда жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жұмыстарын жандандырып, әлеуметтік әріптестік бағытында жүйелі жұмыстар атқару», – деді облысық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов.  

Бауыржан ҚОҢЫРБАЕВ,

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар