Мәдениет ошағы – тәрбие бесігі
2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Жамбыл ауданының Өрнек ауылында 140 орындық, Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында 180 орындық, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен Отар ауылында 180 орындық мәдениет үйлерінің пайдалануға берілгені – мемлекеттің қамқорлығы. Сондай-ақ, Қордай ауданы, Жамбыл ауылында 90 орындық ауылдық клуб та көпшілікке қуаныш сыйлады. Ал, 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Шу ауданының Қонаев ауылында 180 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылысы аяқталған болатын.
Биыл аталған жоба аясында Байзақ ауданының Тегістік ауылында – 90, Қордай ауданы, Қарасу ауылында – 90, Меркі ауданы, Мыңқазан ауылында – 90, Т.Рысқұлов ауданының, Көгершін ауылында 90 орындық ауылдық клубының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар, Ойтал ауылында 180 орындық ауылдық мәдениет үйі, Шу ауданы, Абай ауылында 100 орындық ауылдық мәдениет үйінің ашылуы да салаға серпін берері сөзсіз.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




