«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қос жұлдызды құрдасым

Қос жұлдызды құрдасым
ашық дереккөз
Қос жұлдызды құрдасым
«Бір ауылдан түлеп ұшқан жастар едік» демекші, мен өзіммен бірге оқып, бүгінде биік белестерді бағындырған құрдастарым Шерхан Раздықов және Есенбай Ошановпен мақтанамын. Өйткені, қос құрдасым да республикалық жоғары награданың, атап айтқанда, «Құрмет» пен «Парасат» ордендерінің иегерлері. Жалпы, Бақалы ауылындағы С. Сейфуллин атындағы негізгі мектепті 1973 жылы жоғарыда аталған азаматтармен қатар Сапар Махашев, Орал Махашев, Тельман Мәткеримов, Алтынбек Ақпаев, Асқар Қалымбетов, Аман Зейнуллин, Сейітхан Бектаев, сондай-ақ Құрманкүл Әбдіқұлова, Күлдархан Ералиева, Әлия Исмаилова, Балжан Зауырбекова, Гүлсім Айтқұлова, Мәуекүл Тәліпова, Нүрила Мәмбеталиева және Жанат Қалымбетовалармен бірге тәмамдаған едім. Бүгінде Шерхан Пертайұлы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының Алматы өңірі бойынша өкілетті өкілі. Ол 1977 жылы Алматы байланыс электртехникумын, 1987 жылы Алматы энергетикалық институтын «Автоматты электрбайланыс» мамандығы бойынша бітіріп, электрбайланыс инженері мамандығын, 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, экономист мамандығын алды. Байланыс саласындағы үздіксіз жұмыс өтілі 46 жыл. Байланыс саласындағы еңбек жолын 1977 жылы Алматы байланыс электртехникумын бітіргеннен кейін бастады және Жамбыл облысының Жуалы байланыс торабындағы ауылдық телефон байланысы электрмеханигінен аудандық байланыс торабының бастығы, Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының техникалық директоры, бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры, Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры (үш облысты біріктірген: Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда ОТД, 2000- 2002 жж.), ол таратылғаннан кейін Оңтүстік телекоммуникация департаментінің бас директоры лауазымына дейін көтерілді. 2006 жылдың тамызында «Қазақтелеком» АҚ басшылығының шақыруымен «Алматытелеком» ҚТО бас директоры, 2015 жылы «Алматытелеком» ҚТО мен Алматы ОТД біріктірген «Алматытелеком» ӨТД бас директоры, 2022 жылдан бастап «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының Алматы өңіріндегі өкілетті өкілі болып тағайындалды. Шерхан Пертайұлының еңбегі де елеусіз емес. Ол «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақст ан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Сондай- ақ, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, «Шымкент қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Құрметті байланысшы» салалық құрметті атағы берілді. Сонымен қатар, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларының Құрметті азаматы атақтарына ие. Қазақстан Республикасында байланыс саласын дамытуға және телекоммуникация саласын қалыптастыруға қосқан ерекше еңбегі мен жеке үлесі үшін Шерқан Пертайұлы 2014 жылы «Құрмет» орденімен, 2017 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Құрмет грамотасымен, 2022 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. Ал Есенбай Ошанов болса, 1975 жылы еңбек жолын «Большевик» колхозының құрылысшылар бригадасында қатардағы құрылысшыдан бастаған. 1976-1981 жылдары Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылығы институтының ветеринария факультетінде жоғары білім алды. Одан кейін Кеңес Армиясы қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. Әскерден келген соң «Бурненский» совхозында ірі қара малды қолдан ұрықтандырушысы, «Чапаев» колхозы комсомол ұйымының хатшысы, «XXII партсъезд» атындағы колхозының бас мал дәрігері, Жуалы аудандық ветеринариялық станция бас маманы, шекара мен көліктегі Жамбыл ветеринариялық бақылау және қадағалау бекетінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, «Жуалы ветцентр» ЖШС-ның бас маман-мал дәрігері, ҚР АШМ-нің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы Қарасаз ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, АШМ-нің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болып абыройлы қызмет етті. Ал, 2012-2021 жылдар аралығында Жуалы аудандық аумақтық инспекция басшысы, бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы лауазымында отырды. 2021 жылы қыркүйек айында абыроймен құрметті зейнетке шықты. Мемлекетіміздің мәртебелі марапаттарының бірі «Құрмет» орденімен марапатталған. Медицина адамды емдесе, ветеринария бүкіл адамзатты емдейді», дегендей Есенбай Ошанов ұзақ жылдар бойы ветеринария саласындағы еңбегі ескеріліп, АШМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2014 жылы бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқ» төсбелгісінің иегері атанды. 2021 жылы ҚР АШМ-нің құрметті ардагері медалін иеленді. Олардың еңбектегі табандылығы мен жеткен жетістігі жастарға үлгі.  

Қалан МӘМБЕТАЛИЕВ,

ішкі істер органдарының және Жамбыл облыстық әділет департаментінің құрметті ардагері,

ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар