Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Мемлекеттік тілдің мәртебесі
ашық дереккөз
Мемлекеттік тілдің мәртебесі
Республика күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Достық үйінде» «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық байқауының облыстық кезеңі өтті. Төрт номинация бойынша ұйымдастырылған байқауға Тараз қаласы мен аудандардан ондаған үміткерден қатысты. Байқаудың шымылдығын облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева ашып, оның мақсатымен таныстырып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Бұл күні, «Өнерлі өрге жүзер» аталымы бойынша он үміткер қатысты. Ал, «Өнер алды – қызыл тіл» номинациясына қатысқан оқушылар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Оралхан Бөкей мен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды. «Жарқыра, жас дарын!» номинациясында Сайд Айденов ә дегеннен көзге түсіп, ерекше дарынымен ерекшеленді. Мұнан соң қатысушылар «Тіл мектебі» авторлық бағдарлама ларын қорғады. Сөйтіп, байқау қорытындысында «Өнер алды – қызыл тіл» аталымында бірінші орынды Мадина Гайпова жеңіп алды. Ал, екінші орынды Жадра Папаладзе, үшінші орынды Лина Исмаилова, Екатерина Бондарь мен Диана Тайрова иеленді. Ал «Жарқыра, жас дарын!»  номинациясында өзінің қабілетімен ерекшеленген Саид Айденов үздік деп танылды. Екінші орынды Назерке Эрнесбекқызы қанжығаласа, үшінші орынды Милан Ирисқұлов пен Данил Сапранов қанағат тұтты. Осы номинация бойынша Саид Айденов республикалық байқауға жолдаманы ұтып алды. «Тіл мектебі» аталымында авторлық бағдарламасын қорғаған жамбылдық Салтанат Кусёва бірінші орынды айқын басымдықпен жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Салтанат Нуркеева мен Индира Алденбекова иеленді. Ал, «Өнерлі өрге жүзер» аталымында Н.Гирина жүлдегер атанды. Жеңіс тұғырынан көрінген байқау жеңімпаздарын мекеме басшысы Мүбәрак Жинақбаева марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар