Футбол алаңы пайдалануға берілді

Футбол алаңы пайдалануға берілді
ашық дереккөз
Футбол алаңы пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Ақбақай ауылы тұрғындарының өтінішіне сәйкес, кіші футбол алаңы ауыл халқы игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл әкімі М. Белгімбаевтың айтуынша, ауыл жастары футбол алаңының соғылып бітуін асыға көптен бері күткенін, аудандық бюджеттен 13,8 мың теңге қаржы қаралып, мердігер жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақтылы аяқтағанын айтты. Шалғай ауылдың қуанышын бөлісуге Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Шубаева арнайы барды. Депутат өзінің құттықтау сөзінде Ақбақай ауылының аудан орталығынан ең шалғай орналасқан ауыл екенін, дегенмен мұндағы жастар да бұқаралық спортпен айналысуы үшін бюджеттен қаржы қаралып, бүгін пайдалануға беріліп отырғанына қуанышын жеткізді. Жалпы, ауданда биыл жыл басынан Мыңарал және Ұланбел ауылдарында демеушілер есебінен 2 футбол алаңы пайдалануға берілгенін, ал бұл алаңша бюджет есебінен салынғанын айтты. Сондай-ақ, осындай футбол алаңдары ауданымызда жыл соңына дейін тағы 3 ауылда ашылуы жоспарланып отырғанын атап өтіп, жұртшылықты Республика күнімен құттықтады. Одан кейін Ақбақай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы А.Мырзабеков өз құттықтау сөзін айта келе, елімізге тыныштық пен бейбіт өмір тілеп, батасын берді. Ашылу рәсімінің соңы аудандық мәдениет үйінің дайындаған ән шашуы мен ауыл жастарының футбол ойынына ұласты.  

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,

журналист.

Мойынқұм ауданы

Ұқсас жаңалықтар