МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҰЛЫ ДАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «AMANAT» партиясы «Ұлы дала» аймақтық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өткізеді.
- Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерін және тәртібін айқындайды.
- Байқаудың мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.
- Тақырыптық ұсыныстар:
Өз шығармаларында қоғамды жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін, сондай-ақ қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жазушыларды, ақындарды, драматургтерді, балалар жазушыларын анықтау және оларға қолдау көрсету;
Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойларды жаңғырту және ағартушылық еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу;
Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымындағы идеялар мен құндылықтарды кеңінен ашу;
Жастарды Отанға қызмет етуге, тарихын қадірлеуге, адамгершілік қасиеттерін насихаттауға шақыру – қаламгерлердің еңбектерінде көрініс тауып, оның тарихи жетістіктерінің маңыздылығын жастарға өнеге ету.
- Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясы (бұдан әрі – ұйымдастырушы).
- «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізуді үйлестіру жұмыстары республикалық және аймақтық ұйымдастыру комитеттеріне (одан әрі
– аймақтық немесе республикалық ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамы партия Атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі. Аймақтық ұйымдастыру комитетінің құрамы аймақтық партия филиалы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
- Республикалық ұйымдастыру комитеті:
– байқауды өткізу тәртібін анықтайды;
– байқауға қажетті құжаттарды дайындайды;
– байқаудың басталғандығы жөнінде республикалық БАҚ-қа хабарлама дайындайды;
– аймақтық ұйымдастыру комитеттерінен келіп түскен материалдарды ереже тәртібіне сай іріктеуден өткізіп байқау комиссиясына жолдайды;
- Аймақтық ұйымдастыру комитеті:
– өңірлердегі байқауға қажетті құжаттарды дайындайды;
– байқаудың басталғандығы жөнінде өңірлік БАҚ-қа хабарлама дайындайды;
– байқауға қатысушы үміткерлерден материалдар жинақтайды;
– келіп түскен материалдарды республикалық ұйымдастыру комитетіне жолдайды;
- Ұйымдастыру комитеттерінің жалпы құқықтары:
– осы ереженің талаптары мен шарттарына сәйкес болмағаны үшін үміткерді байқауға қатыстырмау;
– байқаудың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау;
– байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;
– республикалық ұйымдастыру комитеті байқауға ұсынылған шығармалар арасында байқау шарттарына сәйкес келмейтін аймақтық ұйымдастыру комитеттерінен жолданған материалдарды қабылдамауға құқылы.
- Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жөніндегі байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі және байқау комиссиясы партияның Орталық аппаратында құрылады.
- Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі партияның ресми аккаунттарында жариялау арқылы ұсынылады.
- Байқауды өткізу тәртібі
- Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:
«Проза» номинациясы Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Поэзия» номинациясы Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Драматургия» номинациясы Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Әдеби сын» номинациясы Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Балаларға арналған шығарма» номинациясы Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге.
«Алаш аманаты» арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге.
- Байқаудың басталуы туралы хабарландыру партияның ресми сайтында және республикалық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
- Байқауға шығармаларды қабылдау 2023 жылғы 11 қыркүйек пен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
- Аймақтық ұйымдастыру комитетінен іріктеліп, республикалық ұйымдастыру комитетіне келіп түскен шығармалар aikyn.kz сайтында «Ұлы дала» айдары аясында жарияланады.
- Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2023 жылғы 13-20 қараша аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
- Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.
- Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі
- Байқауға 20-дан 45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
- Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады.
- Байқауға қатысу үшін жіберілетін жұмыстар қазақ тілінде жазылады.
- Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
- Байқауда авторлардың бұрын жарияланған шығармалары қарастырылмайды.
- Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін
«Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
- Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
- Автор/авторлар байқауға қатысу үшін жұмысты жібере отырып:
– осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді;
– ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
– ұйымдастырушыға қойылатын қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады.
- Байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25 беттен аспайтын,
«Поэзия» номинациясына мәтін көлемі 5 беттен аспайтын, «Драматургия» номинациясына 25 беттен аспайтын, «Әдеби сын» номинациясына шектелмеген,
«Балаларға арналған шығарма» номинациясына 10 беттен аспайтын шығармалар
- Байқау жұмыстары А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
- Байқауға жіберілетін материалдар:
1) Шығармаларды бүркеншік атпен партияның әр аймақтық филиалдары жанындағы байқауды ұйымдастыру комитетінің арнайы электрондық мекенжайына жолдау қажет: мысалы,
– ulydala-abai@amanatpartiasy.kz (Абай облысы);
– ulydala-aqmola@amanatpartiasy.kz (Ақмола облысы);
– ulydala-aqtobe@amanatpartiasy.kz (Ақтөбе облысы);
– ulydala-atyrau@amanatpartiasy.kz (Атырау облысы);
– ulydala-almatyobl@amanatpartiasy.kz (Алматы облысы);
– ulydala-bqo@amanatpartiasy.kz (Батыс Қазақстан облысы);
– ulydala-zhambyl@amanatpartiasy.kz (Жамбыл облысы);
– ulydala-zhetisu@amanatpartiasy.kz (Жетісу облысы);
– ulydala-qaragandy@amanatpartiasy.kz (Қарағанды облысы);
– ulydala-qostanai@amanatpartiasy.kz (Қостанай облысы);
– ulydala-qyzylorda@amanatpartiasy.kz (Қызылорда облысы);
– ulydala-mangystau@amanatpartiasy.kz (Маңғыстау облысы);
– ulydala-shqo@amanatpartiasy.kz (Шығыс Қазақстан облысы);
– ulydala-pavlodar@amanatpartiasy.kz (Павлодар облысы);
– ulydala-sqo@amanatpartiasy.kz (Солтүстік Қазақстан облысы);
– ulydala-turkistan@amanatpartiasy.kz (Түркістан облысы);
– ulydala-ulytau@amanatpartiasy.kz (Ұлытау облысы);
– ulydala-astana@amanatpartiasy.kz (Астана қаласы);
– ulydala-almaty@amanatpartiasy.kz (Алматы қаласы);
– ulydala-shymkent@amanatpartiasy.kz (Шымкент қаласы).
2) Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;
3) Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: altynsaqa_proza;
4) Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: аltynsaqa_Азамат Азаматов деп сақтауы тиіс;
5) Шығармалар 2023 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 18.00-ден 10 қараша күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
- Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
- Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
- Байқау комиссиясының құрамына партия Орталық аппаратының және Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, мүшелері, ғалымдар, белгілі қаламгерлер, мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.
- Байқау комиссиясының құрамы партия Атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Байқау комиссиясы бірінші отырыста дауыс беру парағын бекітеді.
- Байқауға қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде байқау комиссиясы мынадай критерийлерді басшылыққа алады: байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, байқауға ұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлық тұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.
- Байқау комиссиясының байқау талаптарына сәйкес келмейтін байқау жұмыстарын қарамауға құқығы бар.
- Байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады.
- Байқау комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
- Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.