Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларының басты бағытының бірі – халық үніне құлақ асу. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аймақ азаматтарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға Тараз қаласы мен Сарысу, Шу, Меркі, Жамбыл және Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар қатысып, бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, тараздық кәсіпкер Ұлбала Құлыбекова шағын бизнесін жүргізу үшін алма сақтайтын тоңазытқыш пен өнімін қайта өңдейтін арнайы құрал-жабдықтар алуға көмек беруін сұрады. Ал, меркілік Ербол Трибосынов өңірлік спорт саласына қатысты жобасын ұсынып, қолдау көрсетілсе деген өтінішін жеткізді. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан- жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




