Тәжірибе бөлісіп, ақпарат алмасты
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі медиа-менеджерлермен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы «Арманда» бизнес-форумының спикерлерін тыңдады. Аталған форумды ұйымдастырушы Арман Дәулетяров пен танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы жобаның негізгі мақсаты туралы жан-жақты әңгімеледі.
«Арманда» – іскер азаматтар, қоғам қайраткерлерін, медиа- бизнес өкілдерін және барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін іс-шараның басты мақсаты – тәжірибе мен ақпарат алмасу, отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Форум барысында танымал қазақстандық сарапшылар тәжірибе және білімдерімен бөлісті. Өңір басшысымен өткен кездесуде осы және өзге де мәселелер талқыланды.
Ербол Шырақпайұлы қонақтарды облыстың дамуының негізгі бағыттарымен таныстырып, өңірдің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм салаларында үлкен әлеуетке ие екендігін атап өтті.
Қазақстанның 17 қаласында, оның ішінде Таразда да өткізілуі жоспарланған форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар балалар мен қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барып, халықпен кездесті. Сондай- ақ, аз қамтылған отбасы мүшелерімен жүздесіп, қайырымдылық шараларын өткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




