Ұлағат жолын жалғаған ұстаз

Ұлағат жолын жалғаған ұстаз
ашық дереккөз
Ұлағат жолын жалғаған ұстаз
Облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдардың ішінде де даму қарқыны жоғары ауылдар аз емес. Солардың бірі – Ойық ауылдық округі. Мектеп партасындағы жасөспірімдері де талай жетістікке жетіп жүр. Бұл жетістіктер осындағы білім ошақтарының жұмысының жемісті екенін көрсетеді. Мұндай жетістіктер Гүлфайруз Орманова басқаратын Бөлтірік Әлменұлы орта мектебінде жетерлік. Гүлфайруз ұстаз ретінде шалғайдағы ауылға білімнің алтын нұрын шашып келеді. Аталған мектепті 6 жылдан астам уақыт басқарып жүрген ол өзін іскерлігімен көрсете білді. Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектеп аудандағы «Үздік білім мекемесі» байқауында жүлдегер атанды. 2019 жылы облыстық үздік директорлар байқауында үшінші орын иегері болды. Гүлфайруз Орманова – талапшыл басшы. Өз әріптестерінен жаңаша ізденуді, еліміздің болашағына айналатын жас шәкірттерді жан- жақты біліммен қамтуды талап етіп жүр. Аталған мектеп шәкірттерінің арасында аудандық, облыстық пән олимпиадаларында, түрлі байқауларда жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Ол аудандағы гендерлік саясатта биік орны бар маманның бірі. Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, өзін жақсы қырынан таныта білді. «Біздің ауыл облыс, аудан орталықтарынан шалғайда жатыр. Бірақ, ауыл балаларының білім, өнер, спортқа деген ынтасы жоғары. Бұл мектепке директор болып келгелі оқу үздігі, өнер мен спортқа бейім оқушылармен жеке сөйлесіп, оларды қанаттандырдық. Әсіресе, оқушы қыздар тәрбиесіне терең мән беріп, назарға алып отырамыз. Қыздар тәрбиесіне қатысты түрлі жиын, дөңгелек үстелдер өтіп тұрады», – дейді ол. Ауылдағы білім ошағын басқарып, оны аудандағы үлгілі мектептердің қатарына қосу Гүлфайруз Орманованың табанды еңбегінің жемісі. Қазақ халқында ойы озық, өзін іскерлік қырынан жан-жақты көрсете білген қыздары аз емес. Сол қайсар қыздардың жігерлі жалғасы – Гүлфайруз Орманова дер едік.  

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар