Жасыл алаңда бақ сынасты
25 қазан – Республика күніне орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері бұқаралық спорттан бақ сынасты. Дәлірек айтқанда, тәртіп сақшылары кіші футболдан өзара кім мықтыны анықтады. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелері мен пробация бөлімдерінің жеке құрам қызметкерлері және сала ардагерлері жасыл алаңда кездесті. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде №58 мекемесінің командасы жеңіс тұғырынан көріне білді. Ал, жүлделі ІІ орынды №25 мекемесінің құрамасы иеленсе №59 мекеменің намысын қорғаушы команда үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ, №58 мекемесінің қызметкері, әділет аға лейтенанты Абзал Жампозов «Үздік қорғаушы» номинациясын иемденді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




