Сарбаз болғым келеді!
Шекара күзету – елдің тұтастығын, халықтың амандығын, ел болашағының жарқын болуының кепілі. Шекарашы сарбаздар күні-түні көз ілместен ел тыныштығын күзетіп, үлкен жауапкершілікті арқалайды. Жаңбырлы, боранды күндері де елдің айбынды азаматтары уақытпен санаспай қызмет етеді. Осы орайда, облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бірлесе «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді!», акциясын ұйымдастырды. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери- патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шекара қызметінің айбынын асқақтату.
Осы мақсатты негізге ала отырып, жуырда студенттер «Шөлдала» шекара бекетіне арнайы барып қайтты.
Жиналған жастар бір күн бойы әскери бөлімнің аумағында болып, әскери өмірмен танысты. Сондай-ақ, белсенділер үшін көрнекі қойылымдар мен экскурсиялар ұйымдастырылды. Рухтастар курсанттардың тұрмыс- тіршілігімен танысып, шекара маңындағы күдіктіні ұст ау қойылымын тамашалады.
Іс-шара соңында рухтастар арнайы дайындаған ән шашуын орындап, керемет көңіл-күй сыйлады.
Камила АБСИМЕТОВА,
Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапхана меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді