АҚШ профессорларымен байланыс

АҚШ профессорларымен байланыс
ашық дереккөз
АҚШ профессорларымен байланыс
Апта басында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінің профессорлары іссапармен келді. Басқосу барысында шетелдік оқытушылар тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа ғылыми жобаларды қолдау мақсатында екіжақты келісім жасауға ниетті екендерін жеткізді. Айта кетсек, UniCEN Америка Құрама Штаттарында және Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарының арасындағы тұрақты ынтымақтастықты кеңейтуге арналған алаң. UniCEN стратегиялық жоспарлау, әкімшілік жұмыстар, мұғалімдердің саясаты мен практикасы, студенттік ұтқырлық, оқу жоспарларын әзірлеу және түлектер арасындағы қарым-қатынастар, өзара тиімді серіктестікті дамытуға арналған тәжірибе жинақтайды. UniCEN арқылы Халықаралық білім берудің Американдық кеңесі АҚШ-тың жоғары білім беру тәжірибесін жетілдіруге, интернационалдандыруды арттыруға, АҚШ-тың жоғары оқу орындарымен серіктестік қатынастарына және трансшекаралық ынтымақтастыққа бағытталған іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыруға бағытталған 50 орталықазиялық университеттер желісін құрды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанда ғылыми-тәжірибелік серіктестік алаңдары бар. Америка Құрама Штаттарының жоғары оқу орындарының әкімшілік жұмыспен айналасатын қызметкерлер мен оқытушылары Орта Азия университеттерімен жаңа әріптестік ынтымақтастық құру немесе жалғастыру үшін 20 000 АҚШ долларына дейін грантқа өтініш бере алады. Гранттар АҚШ пен Орталық Азиядағы әкімшілік саясат пен тәжірибені жетілдіру, мұғалімдердің зерттеу жұмыстары, студенттік алмасу, оқу бағдарламалары мен бағдарламаларды жетілдіруге бағытталған жобалар үшін тікелей саяхат, ақы, материалдар және конференц-төлемдерді қамтамасыз етеді. Халықаралық білім бойынша Американдық кеңестер Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азия университеттері арасындағы ынтымақтастықты құруға көмектесе алады. Сонымен қатар, Орталық Азия университеттері жаңа жобалардың тұжырымдамаларымен танысуға жәрдемдесе алады. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен жиында «UNICEN» бірлескен жобалары жайлы Небраска-Линкольн университетінің профессорлары Эндрю Зимброфф және Бренан Костелло лекция оқыды. Сонымен қатар, лекцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Айта кетейік, Линкольндегі Небраска университеті – Линкольн қаласында орналасқан американдық қоғамдық зерттеу университеті. Штаттағы ең көне және ең ықпалды, Небраска университеттер жүйесіндегі флагмандық жоғарғы оқу ордасы. Аталған жүздесудің басты мақсаты – Шерхан Мұртаза атындағы институтпен танысу және байланыс орнату, университеттер арасындағы екіжақты келісімнің мүмкіндіктерін және университеттер арасындағы бірлескен ғылыми жобаларды талқылау. Жиын барысында шетелдік профессорлар өңірлік оқу ошағы базасындағы агробиологиялық, аквомәдени, мал шаруашылығы және Шерхан Мұртаза атындағы ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысымен жан-жақты танысып, олардың жобаларын қолдауға, алдағы уақытта әріптестік негізде бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. Осы мақсатты іске асыру аясында арнайы келісім жасауға да дайын екендерін жеткізді.  

 Нұржан ҚАДІРӘЛІ.

 

Ұқсас жаңалықтар