Өңірлік хабты GOOGLE өкілдері қолдайды

Өңірлік хабты GOOGLE өкілдері қолдайды
ашық дереккөз
Өңірлік хабты GOOGLE өкілдері қолдайды
Өңірлік хабты дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға Astana Hub технопаркі, Жамбыл облысы әкімдігі және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты арасында биыл ақпан айында қол қойылған болатын. Ақпараттық технологиялар хабының негізгі міндеті – жергілікті стартаптарды өсіру және олардың одан әрі өсуіне қолдау көрсету. Айта кетсек, хабтың ресми ашылуы «ZHEIF – 2023» халықаралық форумы аясында өткен еді. Жамбыл хабтың ашылуына Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, «ZHEIF – 2023» форумының шетелдік қонақтары және жергілікті IT қауымдастықтар қатысты. «ZHEIF – 2023» халықаралық форумын өткізу аясында Жамбыл хабының алғашқы резиденттері – «Uiren», «New Step» және тағы басқалары өз жобаларын таныстырған болатын. Содан бері Жамбыл хаб IT саласының сарапшылары мен кәсіпкерлік негіздерінің қатысуымен 50-ге жуық іс-шара өткізді. Атап айтқанда, Meet up, Pitch Day, Spead dating, Speaker talks, Workshop, кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар секілді маңызды іс-шараларға облыстың 400-ге жуық оқушысы, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қазіргі уақытта Жамбыл хаб Тараз қаласы мен Жамбыл облысының білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Бастауыш және қазіргі стартаперлер үшін білім беру модульдерін, инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларды іске асырады, сондай-ақ спорттық бағдарламалау бойынша чемпионаттарды, хакатондар мен олимпиадаларды өткізуге жәрдемдеседі. Жамбыл хабының 5 белсенді қатысушысы «Стартап Academy» білім беру модулінен өтіп, «Стартап Garage» инкубациялық бағдарламасының II батчында оқуын жалғастыруда. «Startup Garage» – бұл 12 апталық инкубациялық бағдарлама, оның барысында стартаперлер Astana Hub тәлімгерлері мен трекерлерінің қолдауымен өздерінің кәсіпкерлік идеясын іске асыру үшін қажетті білім мен құралдарды алады. Мысалы, «Startup Garage» I батчында қатысушылар өздерінің стартаптарын 65 240 000 миллион теңгеге монетизациялады. Жамбыл хабы «Google Developers» халықаралық қауымдастығымен серіктестікте 500 адамға арналған ауқымды «Google DevFest Taraz 2023» өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Цифрлық фестивальдің бас серіктестері мен ұйымдастырушылары – Жамбыл облысының әкімдігі және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты. Жамбыл хабы резиденттері үшін коворкинг форматында жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасалған, Жамбыл даңғылындағы ХТИИ студенттер үйінде орналасқан.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар