Жастарға қолдау жүйелі

Жастарға қолдау жүйелі
ашық дереккөз
Жастарға қолдау жүйелі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы», – деп жастар мәселесін ерекше атап көрсеткен еді. Біздің өңірде де жас буынға жан- жақты қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінде облыста 354 мыңнан астам жас бар. Олар облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың 147 955-і қалада, 206 084-і ауылдық елді мекендерде тұрады. Аймақта жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін 13 «Жастар ресурстық орталығы» бар. Онда жалпы саны 416 маман қызмет атқарады, оның ішінде 360 маман жастармен етене жұмыс жасайды. Қазіргі таңда барлық «Жастар ресурстық орталықтарында» психолог және теолог мамандары бар. Орталық директоры Теміржан Ізтілеуовтің мәліметінше, облыс бойынша 15 теолог маман орталықтарда дін қызметкерлерін тарта отыра жастармен тұрақты жұмыс жасайды. Дін саласы бойынша өңірде орталық тарапынан 13 315 адамды қамтыған 539 іс- шара өткізген. Сонымен қатар, жастармен түрлі бағыттарда психологиялық жұмыстар да жүргізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу және тағы да басқа мәселелер бойынша Шу қаласында «Жастар ресурстық орталығы» ашылып, Қаратау қаласында орталықтың арнайы бөлімі құрылды. Биыл облыста жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджет есебінен Жастар орталығына 56,7 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ, өңірдегі барлық «Жастар ресурстық орталықтарында» NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ашылып, ол санаттағы жастармен жұмыс жасайтын инспектор бекітілген. Осы жылдың І тоқсанында уақытша бос жүрген жастардың үлесі 8,6 пайызды құраса, ІI тоқсанның қорытындысымен 7,1 пайызға жеткен. Яғни, уақытша бос жүрген жастардың үлесі осы жылдың ІI тоқсанында 1,5 пайызға төмендеген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, өңіріміздегі 36987 әлеуметтік мәртебесі анықталмаған жасқа адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, 18137 жастың мәртебесі «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде өзектендірілген, қалған 18850 жастың әлеуметтік мәртебесін анықтау және өзектендіру жалғасуда. Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 95 қоғамдық тыңдау өткізіліп, оған уақытша жұмыссыз жүрген 2351, пробация тізімінде тұрған 216 жас қатысқан. Әлеуметтік қызметтерде уақытша жұмыссыз жүрген жастарға жүйелі түрде психологиялық, ақпараттық, консультативтік көмек көрсету бойынша 66 семинар өткізілген. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасына жалпы 1520 жас тартылса, оның ішінде 213-і уақытша бос жүрген, 17- сі пробация қызметі есебіндегі жастар. Маусымдық жұмыстарда 450 мың шаршы метр аумақ тазаланып, 214,9 тонна күл-қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 670 қураған ағаш кесіліп, 9 565 ағаш көшеттері отырғызылған. Неке және отбасылық құндылықтарды сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жыл басынан бері облыстық, Тараз, Шу қалалық және аудандық жастар ресурстық орталығы тарапынан 3 бағытта жұмыс жүргізілуде. Отбасын құру кезеңінде жас азаматтарға қолдау көрсету, кеңес беру және ақпараттандыру, жастарды отбасылық өмірге дайындау бағыты бойынша отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты балалар», «Бала тәрбиесі», «Тәрбиелі ұрпақ – болашақтың кілті», «Жастарды отбасылық өмірге дайындау» сынды тақырыптарда 127 іс-шара өткізілсе, оған 4500- дей жас қатысып, 202 жас отбасы кеңес алған. Жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарына мемлекеттік және жергілікті қаржыландыру есебінен оқуға 193 жас тартылса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген 133 жас қабылданған. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы қайтарымсыз грант және жеңілдетілген несиеге уақытша жұмыссыз жүрген 243, пробация қызметі есебінде тұрған 11 жас тартылған.  

Назерке СӘНДІБЕК

Ұқсас жаңалықтар