Ауыз су тасымалданып берілуде
Мирный – аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің бірі. Алты түрлі ұлт өкілі тұратын ауыл халқының саны 674 адамды құрайды. Олардың 165-і тұрақты жұмыспен қамтылған болса, 133-і өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Соңғы санаттағылар негізінен азық-түлік дүкендері, вахталық жұмыс, ауыл ішіндегі өнеркәсіптерде жұмыс істейді. Ауылдың негізгі бағыты – өнеркәсіп. Мұнда «Оргстрой», «Көптас», «Құлан-көмір», «Turan Industry», «Қазгранит» сияқты бірнеше серіктестік орналасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Мойынқұм ауданы Мирный ауылдық округінің әкімі Сайнұр Аманов баяндады. Округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталған Сайнұр Сағынғалиұлының айтуынша, ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын тиісті қаржы бөлініп, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауылдағы 6 жеке кәсіпкер 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 174 аулада және 1 шаруа қожалығында 5215 ірілі-уақты мал тіркелген. Тұрғындарды жұмыспен қамтуда жыл ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам тартылса, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Елді мекеннің әлеуметтік саласын дамытуға да көңіл бөлініп келеді.
Мәселен, жыл соңына дейін құны 11 миллион теңге тұратын балалар алаңшасы салынып, пайдалануға берілмек. Ауылда 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен бір акушерлік-фельдшерлік тірек, сонымен қатар бір негізгі мектеп пен 2015 жылы ашылған шағын орталық бар. Округте бір кітапхана және бір клуб жұмыс істейді. Сондай-ақ, кіші футбол алаңы, мектептің спорт залы және бір балалар алаңшасы бар. Бүгінде 220 адам жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданып жүр. Туған өлкенің тазалығына да көңіл бөлініп, жақында ауыл ішіне 24 түп қарағаш қаламшасы отырғызылды. Көшелер толықтай жарықтандырылған, биыл ауыр және аса ауыр, мал ұрлау қылмыстары тіркелмеген.
– Ауылдық округте проблемалық мәселелер де жоқ емес. Мәселен, су құбырлары қалыпты жұмыс істеп тұрғанымен, Балқаш көлінен келетін су тартылып қалғандықтан, тұрғындарға ауыз су тасымалданып берілуде. Сондай-ақ, ауыл ішіндегі бұзылған, қираған үйлердің үйінділерін шығару мәселесі де шешімін таппай отыр. Ал, жалпы алғанда, барлық саладағы көрсеткіштер орындалуда. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, тиімді экономикалық өсімді қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек, – деді округ әкімі.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді