Бір аптада алпысқа жуық шақырту

Бір аптада алпысқа жуық шақырту
ашық дереккөз
Бір аптада алпысқа жуық шақырту
Өткен апта да жамбылдық төтенше жағдай қызметкерлері үшін тынымсыз өтті. Мәселен, 9-16 қазан аралығында, яғни бір апта ішінде облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы 59 рет шақыртуға шыққан. Атап айтқанда, өрт оқиғаларына 15 рет (тұрғын үйдегі өрт оқиғаларына – 4 рет, монша мен сарайдағы өртке – 2, шөпханадағы өрт оқиғаларына – 3, бастырмадағы өртке – 1, уақытша үйдегі өртке – 1, автокөліктің өртену оқиғаларына – 4 рет) шығып, орын алған «қызыл жалынды» жойған. Жоғарыда аталған өрт оқиғалары кезінде қаза болғандар тіркелмеген, алайда бір адам жарақат алған. Қазіргі уақытта өрттердің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығыны анықталуда. Мұнан басқа қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына 20 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 4, түтіннен тазартуға – 2, электр сымдарының қысқа тұйықталуы бойынша – 2, тұрғындарға есік ашу жұмыстарына – 12, полиция қызметіне көмек көрсету мақсатында – 2 рет, іздестіру жұмыстарына – 1 рет, жануарларды құтқару мақсатында 1 рет жедел шыққан. Осыған орай, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Сол арқылы сіздер жақын жандарыңыздың өмірлері мен құнды мүліктерді тілсіз жаудан қорғай аласыздар. Ал, өрт немесе төтенше жағдай туындағанда 101 және 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын еске салады.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар