Жылумен қамту жұмыстары жалғасуда

Жылумен қамту жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөз
Жылумен қамту жұмыстары жалғасуда
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бүгін Тараз қаласындағы бірқатар білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау саласындағы нысандарды, тұрғын үйлерді аралап, жылумен қамтамасыз ету барысын тексерді. Аймақ басшысы облыс орталығындағы №1және №5 мектеп- гимназияларын, облыстық көпбейінді аурухананың ғимараттарын аралап, Қонаев көшесіндегі тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жылу құбырларын көрді. Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев тиісті тұлғаларға жылытуға қатысты тұрғындардың өтінішіне жедел назар аударып, қандай да бір туындаған мәселелерді шешіп отыру қажеттігін ескертті. Дәл қазіргі таңда Тараз қаласы 80 пайыз жылумен қамтылып үлгерді десек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 16-17 қазан күндері толыққанды жылумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында да жылыту маусымы басталып, нысандар кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылуда. Жылу көздерінен сыртқы ауа температурасына сәйкес, нысандарға қажетті жылу температурасы берілуде және штаттық режимде жұмыс жүруде.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар