Өрт қауіпсіздігіне жауапты қараған жөн
Облыс аумағында өткен жылыту маусымында (2022 жылдың 15 қазаны мен 2023 жылдың 15 сәуірі аралығы) тұрғын үй секторында 233 өрт тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза болды, 5 адам жарақат алды. Материалдық шығын 23 миллион 613 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, улы газдан 4 адам қаза тапса, 23 адам жарақат алды. Биыл 9 айдың ішінде жалпы облыс аумағында 611 өрт тіркеліп, салдарынан 15 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Материалдық шығын 159 миллион 83 мың теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өрттердің саны 12 пайызға, оларда адамдардың қаза болуы 4 есеге және жарақат алғандар саны 2 есеге көбейді. Өрттің басым бөлігі, яғни 70 пайызы тұрғын үй секторында, 23 пайызы автокөлік құралдарында орын алған. Осыған орай, қазіргі таңда жылыту маусымы кезінде халықтың қаза болуы мен жарақаттануын азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені іске асырылуда. Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттарына сәйкес, облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 5219 тұрғын үйі есепке алынды.
Жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен өткен жылыту маусымында тұрғын үйлерде 4202 датчик орнатылды, оның 2705-і табиғи газ, 1097-сі улы газ және 400-і түтін датчиктері. Тараз қаласы мен аудан әкімдері тарапынан 105 аз қамтылған отбасының жеке тұрғын үйіндегі жылыту пештеріне жөндеу, 98 үйдің жарамсыз электр сымдарын ауыстыру және 11 үйдегі мұржаларды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жақында 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі облыстың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысында қаралды. Облыс әкімінің орынбасары бекіткен жоспарға сәйкес, биыл 15 қыркүйек және 15 қазан аралығында облыстың тұрғын үй секторында және көппәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің өкілдері және волонтерлер, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мамандары бірлесіп 446 мыңнан астам ауланы аралап 2700-дей жиын өткізді. Оның барысында 667 мыңға жуық адамға нұсқау беріліп, 670 мыңнан астам жадынама таратылды.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын насихаттау сапасын арттыру мақсатында 9 профилактикалық акция жүзеге асырылды. Мәселен, биыл сәуір айынан тамызға дейін облыстың төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері «Қауіпсіздік үшін бірге», «Отты тоқтат!», «Қауіпсіз балалық шақ», «Отсыз демалыс», «Менің қауіпсіз демалысым», «Оттан сақ бол!», «Сіріңке – бір өмірдің бағасы», «Қауіпсіз жанармай құю станциясы», «Газ баллоны» тақырыптарында акциялар ұйымдастырып, өткізді.
Оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрт кезінде ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау дағдыларын үйрету мақсатында білім беру объектілерінде 310 жаттығу, 682 интерактивті сабақ, 625 ашық сабақ, 380 конкурс пен викторина өткізілді және өрт сөндіру бөлімдеріне 44 экскурсия, «Ашық есік күні» тақырыбында 168 іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы, аталған іс- шаралар барысында оқушыларға көптеген пайдалы нұсқаулықтар берілді. Жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 17 брифинг өткізілді. Телеарналарда, сондай-ақ Тараз қаласындағы 3 «LED- экранда» күн сайын тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде. Адамдар көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыш байланыс құралдары арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі тақырыбына 74 билборд орнатылды.
Биылғы тамызда жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 5 жылу- энергиямен қамтамасыз ету нысандарына («ЖЭО» АҚ, Аудандық қазандық-4, «ЖГРЭС» АҚ, «ЖаңатасСуЖылу» КМҚК, «Игілік» КМК) профилактикалық бақылау жүргізілді. Онда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша 42 бұзушылық анықталып, оларды жою үшін мекеме басшыларына ұйғарым берілді. Білім беру нысандарын, мәдени ойын-сауық, спорт ғимараттарынан қазандықтарды қауіпсіз қашықтыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп, соңғы екі жылда 38 қазандық қауіпсіз орынға көшірілді. Оның ішінде 32 білім беру, 2 денсаулық сақтау мекемелерінен, 2 мәдени ойын-сауық және 2 спорт ғимараттарында норманы бұзып орнатылған қазандықтар сыртқа шығарылды. Жалпы, жылыту маусымында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қатаң бақылауға алынды.
Мақсат ӘКІМБАЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді