Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға Тараз қаласынан және Сарысу, Шу, Меркі, Жамбыл Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, Ұлбала Кулыбекова есімді тараздық жеке кәсіпкер шағын бизнесін алма сақтауға тоңазтқыштар және өңдеуге арналған техникалармен жабдықтауды сұрайды. Ал
меркілік Ербол Трибосынов өңірлік спорт саласына қатысты жобасын ұсынып, қолдау көрсетуді сұрады. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




