Әлеумет
«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықтарды атқан Шу тұрғындары ұсталды
- author «Ақ жол»
- 11 қазан, 2023
- 460
«Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықтарды атқан Шу тұрғындары ұсталды
Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауданның Шоқпар ауылына қарасты «Бел» станциясы маңында құрып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады. 49, 50 және 61 жастағы жергілікті үш тұрғын «Қызыл кітапқа» енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлігін тінту кезінде үш бірлік аңшы қаруы, 70 дана оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі мен жарық шамы табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




