Қыдыр дарыған Қызайымбек әулеті

Қыдыр дарыған Қызайымбек әулеті
ашық дереккөз
Қыдыр дарыған Қызайымбек әулеті
Отағасы Қызайымбек Макуетұлын Қаратау қаласы тегіс таниды. Қаладағы бірқатар орта мектептерде директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Жұмыста абыройлы болып, құрметке бөленгенін де замандастары жақсы біледі. Ал, отанасы Үрбала Күздеубайқызы ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарды. Соңғы 15 жылдан астам уақыт қаладағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында химия пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Озат ұстаз ретінде танылды. Еңбегі еленіп, облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімі басшыларының Құрмет грамоталарына ие болды. Қызайымбек пен Үрбала үлгілі де ұлағатты бес ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен перзенті Мақсат әскери саланы таңдады. Мөлдір мен Жанерке қыздары да өз істерінің нағыз шеберлері. Екеуі де жоғары білім иесі. Іңкәр анасының жолын қуып, ұстаз болды. Ұстаз болғанда да, ауыр пән – математиканы таңдады. Қазіргі таңда Іңкәр әпкейін құрметтейтін оқушылар көп. Себебі, ол осындай құрметке лайық. Отбасының кенжесі Гауһар Қызайымбекқызы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінде еңбек етті. Қазіргі таңда мамандығының үдесінен шығып, абыройға бөленіп отыр. – Отбасының дамуы – өз қуанышың. Ұл- қыздарымның білім алуынан қаражат аяған жоқпын. Қосымша білім аламын десе де қарсы болмадым. Ұлым әскери саланы таңдағанда да қолдау білдірдім. Қазір әр перзентім мамандықтарына сай қызметте. Барлығы да өз жұмыстарын жақсы көреді. Үнемі абыройға бөленіп жүр. Ата-ана үшін бұдан артық бақыт жоқ, – дейді отағасы Қызайымбек Макуетұлы.  

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар