Сала ардагерлеріне құрмет

Сала ардагерлеріне құрмет
ашық дереккөз
Сала ардагерлеріне құрмет
Жыл сайын еліміз қазанның алғашқы күнінде Халықаралық қарттар күнін атап өтеді. Бұл қарияларға қамқорлық жасауға, еңбегін бағалау және олардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесіне құрмет көрсетуге тағы бір жақсы себеп екені анық. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы да алдыңғы буын ағалардың алдындағы борышын түсінеді және оны өздерінің қамқорлығымен және демеушілікпен көрсетіп келеді. Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының тәрбие жұмысы тобының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Н.Әсілхан және ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Биназаров төтенше жағдайлар саласында және өрт сөндіру қызметінде ұзақ жылдар жұмыс істеген азаматтық қорғау органының ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады. Бұл жолы саланың 12 ардагеріне ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өңірдегі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері де алдыңғы буын өкілдеріне әрдайым ізет көрсетіп, мекемеде өтетін іс-шараларға арнайы қонақ ретінде шақырып, олардың тарихқа толы әңгімелерін тыңдаудан шаршаған емес. Осындай кездесудің бірі Қарттар күніне орай саланың бір топ ардагерлерімен өткізілді. Мәселен, зейнеткер Марина Грекова алғашқы еңбек жолын 1981 жылы облыстың өртке қарсы қызмет саласында хатшылықтан бастап, ұзақ жылдар өртке қарсы қызмет диспетчері, өрт-техникалық орталығында маман, мұрағатшы лауазымдарында жемісті қызмет атқарған. Ал, тағы бір құрметті қонақ Анатолий Похоруков 1970 жылдары облыстың өртке қарсы қызметінде еңбек жолын қарауылдықтан бастаған. Одан әрі түрлі лауазымдарда жемісті еңбек атқарып, бүгінде зейнет демалысында болғандығына қарамастан, әрдайым жастарға өзінің білгенін үйретуден шаршаған емес. Тағылымы мол кездесу кешінде сала ардагерлері өздерінің бастан өткерген қызықты естеліктерге бөлісті. Мекеме бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Әлібек Абсатов пен қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансұр Шайкрамов қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат жасады.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар