Қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс
Өңірімізде жылыту маусымы жақындаған сайын облыстың от жауынгерлері тыным таппай үйлерді аралап, тұрғындарға газ және пеш құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертуде. Себебі, өрттің көптеген бөлігі қысқы уақытта, яғни тұрғындар жылыту пештерін пайдалану кезінде тіркелетіндігі бүгінде ешкімге жаңалық емес. Осыған орай, 30 қыркүйекте Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қаладағы Әуежай аймағындағы Т.Әубәкіров, Т.Бигелдинов, Т.Мұсабаев көшелерінің тұрғындарына жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Шара барысында барлығы 63 үй және 150-дей адам қамтылды.
Айта кеткен жөн, мұндай өрт пен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізілетін ескерту жұмыстары облыстың барлық аудандарында белсенді ұйымдастырылуда.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




