Таразда түнде оқу-жаттығулар өтті

Таразда түнде оқу-жаттығулар өтті
ашық дереккөз
Таразда түнде оқу-жаттығулар өтті
Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар Төтенше жағдайлар министрлігі гарнизондарының өрттерді сөндіруге, олардың салдарын жоюға дайындығын арттыруға және жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік беретін басшы құрамның тактикалық даярлығының ең жоғары түрі. Осыған сәйкес, жақында облыстық төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатында түнгі уақытта жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіп, оған жеке құрамнан 38 адам және 9 техника жұмылдырылды. Оқу- жаттығу жоспарына сәйкес, жалын аталған оқу орнының мәжіліс залында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде туындаған. Шартты оқиға орнында өртті сөндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Өрт сөндірушілердің жедел және сауатты жүргізген әрекеттерінің нәтижесінде жалын дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелмеген. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құраммен шараның нәтижелері талқыланды. Оқу- жаттығулардың басты мақсаты – түнгі уақытта шартты өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі мәселелерді практикалық тұрғыдан пысықтау, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өзге қызметтермен, нысан тұлғаларымен өзара іс-қимылын арттыру. Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асыратын қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағдарламасы аясында өтіп жатқан осындай оқу-жаттығу облыс орталығының Абай даңғылында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде де ұйымдастырылды. Оған ТЖД жеке құрамынан 64 адам және 15 техника, сондай-ақ коммуналдық, полиция және жедел жәрдем қызметі мен өзге де тиісті қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқу- жаттығу барысында көпқабатты тұрғын үйлерде өрт туындағанда тиісті тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің іс-әрекеттері жан- жақты пысықталды. Сонымен қатар, мамандар тұрғындар арасында төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары мен төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету қажеттігі жөніндегі түсіндіру сипатындағы әңгімелер жүргізді.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар