Кедейлік шегі 34 286 теңге болып бекітілген

Кедейлік шегі 34 286 теңге болып бекітілген
ашық дереккөз
Кедейлік шегі 34 286 теңге болып бекітілген
Ағымдағы жылдың IV тоқсанына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың кедейлік шегі 34 286 теңге болып бекітілген. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар электрондық цифрлық қолтаңбасымен «Электрондық үкіметтің» порталы арқылы өзіне қолайлы, интернет желісі бар орыннан атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш береді.

Ал, өздігінен өтініш бере алмаған жағдайда Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №78 мекенжайда орналасқан «Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы» филиалына немесе Құмшағал шалғай ауданы, Ақсарай көшесі №1 мекенжайға жүгініп, мамандардың жәрдемдесуімен атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады.

 

«Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы» филиалының атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімі.

Ұқсас жаңалықтар