Маңызды міндет – арнайы маршпен басталды

Маңызды міндет – арнайы маршпен басталды
ашық дереккөз
Маңызды міндет – арнайы маршпен басталды
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5-механикаландырылған бригадасының мотоатқыштар батальонының әскери құрамы толық құрамда батальондық тактикалық оқу-жаттығуға дайындықты бастап кетті. Бірақ, ұрыс даласында практикалық іс-әрекеттер басталғанға дейін мотоатқыштар жауынгерлік тапсырма аймағына аман-есен жету миссиясын мінсіз орындауы қажет. Сондықтан, оқу- жаттығу теміржол платформаларына әскери техниканы тиеуден бастау алды. Әскери техниканы платформаларға тиеу Тараз қаласының шетіндегі теміржолдың арнайы бөлінген учаскесінде өтті. Әскери жүргізушілер күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, әскери көліктерді пандустан пойыз платформаларына шығаруға міндетті болды. «Маршты аяқтау – кез келген оқу-жаттығудың бірінші кезеңі. Әскери көліктердің қауіпсіздігі және олардың оқу- жаттығу полигонында одан әрі тиімді жұмыс істеуі әскери техниканың теміржол платформаларына қалай тиелуіне және олардың қаншалықты қауіпсіз бекітілгеніне байланысты. Сондықтан техниканы тиеу процесінде әскери қызметкерлердің тәжірибесі мен олардың кәсіби шеберлігі маңызды рөл атқарады. Жасы үлкен және тәжірибелі әріптестерінің жұмысын бақылай отырып, жас әскери қызметшілер жүк тиеу ережелерін меңгереді, өйткені болашақта олар да жаттығуларға барып, құрал-жабдықтарды басқаруы керек. Ендігі міндет – техниканы жолда жауынгерлік қорғауды қамтамасыз ету және оқу- жаттығу алаңына келгеннен кейін одан әрі түсіру», – деп атап өтті 5-механикаландырылған бригада мотоатқыштар батальонының командирі, майор Болатбек Сәтиев. Әскери полиция өкілдері пойыздың өтуі кезінде ережелерді түсіндіруде маңызды жұмыстар атқарды. Тараз өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әскер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімінің офицері, полиция майоры Нұрлан Қолдасов: – «Мәтібұлақ» полигонында мотоатқыштар роталары, атысты қамтамасыз ету ротасы, байланыс ротасы және батальонның басқа да бөлімшелері артиллериялық және зениттік дивизиялар мен 5-механикаландырылған бригаданың т анк рот асымен қосылады. Оқу-жаттығу аясында осы бөлімшелердің барлығы бірігіп қорғаныс шайқасын жүргізуі тиіс батальондық тактикалық топты құрайды. Бұл әскери қызметкерлер үшін биылғы қорытынды оқу- жаттығу болмақ, – деді өз сөзінде. Полигонда әскерилер қысқы және жазғы оқу-жаттығу кезеңінде алған білімі мен тәжірибесін қолдана отырып, бірқатар жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындауы керек.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ.

Ұқсас жаңалықтар