Интерактивті экспозиция газ өндірудің тарихына арналды

Интерактивті экспозиция газ өндірудің тарихына арналды
ашық дереккөз
Интерактивті экспозиция газ өндірудің тарихына арналды
«Амангелді» газ кен орнының 20 жылдық тарихына арналған «Мойынқұмның жер қойнауы» атты бұрышы өз жұмысын Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бастады. Бұрыш Мойынқұмның жер қойнауын игеру және оның 1960 жылдан бастап, біздің заманымызға дейінгі даму тарихын көрсетеді. Бұл бұрышта кен орнының тарихы мен даму перспективалары туралы мәліметтер молынан берілген. Экспозицияның ашылу салтанатына «Qazaqgaz барлау және өндіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Алмас Қуандықов, Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов және студенттер мен газ саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. – Бәрімізге белгілі 1990 жылдары еліміздің оңтүстік облыстарын табиғи газбен қамтуда қиыншылықтар болды. Қазіргі уақытта 1970 жылдары ашылып зерттелген «Амангелді» газконденсатты кен орны игеріліп жатыр. Дегенмен бастапқы кезде осы кен орынды игеріп, халыққа газ жеткізу мәселелерінде кадрлар жетіспеді. 1997 жылы газ саласы мекемелерінің ұ сын ыст ар ымен мұ н ай - г аз сал асын ың мамандықтары Дулати университетінде ашылған болатын. Қазіргі күнге дейін басшылықта отырған біраз тұлғалар осы қарашаңырақтан шыққан, – деді өз сөзінде Мұхтар Қазыбекұлы. Биыл облысымызда орналасқан «Амангелді» газ кен орнына 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында аталған кен орны Қазақстанның оңтүстік өңірлерін табиғи газбен қамтамасыз етуде және елдің энергетика секторындағы стратегиялық маңызды кәсіпорнына айналғаны рас. – Біз студенттерді Жамбыл облысы мен газ кен орнының тарихы туралы ақпараттандыру үшін университет қабырғасында «Мойынқұмның Жер қойнауы» бұрышын арнайы аштық. Жастар өз өңірінің тарихын білуі керек. Мүмкін жас ізденімпаздардың арасынан осы салаға қызығушылық танытып, зерттейтіндер кездесіп қалар. Міне, осындай зерттеушілерге де бұл бұрыштың тигізер көмегі көп болады деп ойлаймын, – деді Алмас Қуандықов. Кен орнының 20 жылдығына орай «QazaqGaz барлау және өндіру» компаниясы Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыруда. Компания студенттерді тікелей өндірісте дуальды оқыту жобасын да қолға алды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін оқуға гранттар бөлінді. Талас ауданының бірқатар ауылдарында балалар алаңдары, спорт және воркаут алаңдары салынды, жолдар мен саябақтар жөнделді. – Жастар – ел болашағы. Олардың келешегі жарқын болу үшін жасалған кез келген жоба маңызды. Ұрпақ жетістікке жетіп, терең білімді, зерек болсын деген ел олардың алдағы уақытта көңіл көкжиегін кеңейту мақсатында бәрін жасайды. Біздің ел ертеңі үшін жасайтын амалдарымыз кемел келешектің еншісінде Дулати университеті маман даярлаудың дуалды оқыту жүйесі бойынша кәсіпорындармен әріптестік байланысты нығайтуға баса көңіл бөліп отыр. Соның арқасында студенттерге өндірістік практикадан өтіп, жұмыс табу жеңілдей түспек, – деді аталмыш университеттің студенті Айгүл Маратқызы. Осы жылы университеттен 2 студент өндіріс орнына барып тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. 4-курс студенттері 15 күн негізгі сабақтарын оқыса, 15 күн кезекшілікте болады. Студенттер тек білім алумен шектелмейді. Еңбек өтілі есептеледі. Айлық төленеді. Киім және тамақпен қамтамасыз етіледі. Бастысы, 3 тілде білім алған бұл студенттер диплом алған күннен бастап, өндіріс орындарында 100 пайыз жұмыспен қамтылады.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар