Тәрбие – тал бесіктен басталады
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Әрине, бұл ұғымның астында отбасы тәрбиесінің маңызы айқындалып тұрғаны айдан анық. Жалпы, адамзат баласы қай кезеңде де перзентінің тәрбиесiне ерекше назар аударған. Өйткені, адамзат үшін ең басты құндылық - отбасы. Ал, отбасындағы ең маңызды қызметінің бірі – балаға дұрыс тәрбие, дұрыс бағыт-бағдар беру. Шын мәнінде, ұшқан ұяда алған тәрбиені ешбір қоғамдық орта алмастыра алмайтыны белгілі. Сол себепті, дана қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін ұлттың келешегі деп таныған. Алайда, қазіргі сіз бен біз өмір сүретін қоғамда түрлі келеңсіз жағдайлар кездесіп тұрады. Мәселен, шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінбей, ренжісіп, соның салдарынан ажырасып, екі жаққа кетіп жатқандары да аз емес. Ал, мұндай жағдай балалардың моральды тұрғыдан зардап шегуіне әкеп соғары тағы анық. Өйткені, бала үшін ата-ананың орны бөлек. Балаға екеуі де бірдей қажет.
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының тәжірибесі көрсеткендей, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жеке тұлғалардан түскен талап арыздардың негізгі бөлігі - кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент өндіру, алимент мөлшерін азайтуға, баланың тұрғылықты жерін анықтау және ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыздардан тұрады. Өкінішке қарай, жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтық істердің көлемі күн өткен сайын көбеюде. Әрине, бұл статистика жаныңды қынжылтады.
Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін жаралған емес пе? Толыққанды отбасында, ата-аналарының қасында әрбір бала жарқын өмір сүргенге не жетсін?! Сондықтан, сотқа неке бұзу бойынша жүгінген ерлі-зайыптылар, сотқа арыз бермес бұрын ең бірінші баланың рухани жағдайын, оның толыққанды болып өсуін, болашағының жарқын болуын ойлағандары жөн.
Оңғар МАМЫТ, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді