Еңбекпен көркейген отбасы

Еңбекпен көркейген отбасы
ашық дереккөз
Еңбекпен көркейген отбасы
Қай кезеңде де өзгелерге қашанда үлгі бола білген еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмайтыны ақиқат. Себебі, әр үздік нәтиже мен күрмеуі қиын жұмыстың астарында сол бір жанның табан ақы, маңдай тері жатыр. Өкінішке қарай, біз тек кез келген істің нәтижесін көруге ғана шебер боп алғанбыз. Шын мәнінде, оның сыртында мамандыққа жан-тәнімен берілу, жұмыстың қиындығына төтеп беріп, қызмет ету сынды көзге көрінбес қаншама еңбек жатыр. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Сәуле Сәрсенбаеваның еңбек сүйгіштігі өскелең ұрпаққа қашанда үлгі. Ғибратты ғұмыр иесі бала күнінен-ақ адал еңбек етуге күш салады. Ал, отағасы Ғалымжан Абдиханов екеуі шаңырақ көтергелі ата-наларының үмітін ақтау үшін бар зейінін қызмет етуге арнайды. Жалпы, шын ниетпен кіріскен қай жұмыстың да нәтижелі болатыны бесенеден белгілі ғой. Осылайша, бұл жұп өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып, өзге қатарластарынан оқ бойы озық болуға тырысуда. Айта кетейік, Ғалымжан №59 мекемеде режим бөлімінің ақпараттық байланыс тобының бақылаушысы. Шені - кіші сержант. Тірлігі тиянақты, ел-жұрттың ыстық ықыласына бөленген жұбайлардың бұл күнде 2 қыз, бір ұлы бар.

Ұқсас жаңалықтар