Тиісті шешім қабылданды

Тиісті шешім қабылданды
ашық дереккөз
Тиісті шешім қабылданды
Халық үніне құлақ асып, тұрғындардың талап-тілектеріне сәйкес, өңірлердегі әртүрлі мәселелерді шешуде «Amanat» партиясы да үн қосып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында толық қамтылған. Осы орайда, өткен аптада партияның аудандық филиалында облыстық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы міндеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды. Әуелі «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев Меркі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың орындалуына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесін комиссия назарына ұсынды. Содан соң, осы бағыттағы жұмыстарды аудан әкімі Жорабек Баубековтің өзі баяндады. Ол аудандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 2021-2022 жылдар мен 2023 жылға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, соған сәйкес арнайы комиссия жұмыс істейтінін жеткізді. Аудан әкімінің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Меркі аудандық комиссиясы 34 басшы құрамнан жасақталып, тоқсанына кемінде 1 рет комиссия отырысын өткізеді. Комиссия отырысында проблемалық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған мәселелер жіті қаралады. Жалпы, бұл бағытт ағы жұмысты жандандыру үшін «Меркі адалдық алаңы» құрылған. Бұл жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттарын айқындап, халық арасында жиі көтерілетін мәселелерге назар аударады. Мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің халық көп қайырылатын бөлімдері: жер қатынастары, сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары сервистік әкімдікке шоғырланған. Бүгінгі күнге дейін сервистік әкімдікке 500-ден аса адам қайырылып, барлығына заң аясында жауаптары берілген. Сондай-ақ, кадр саясатын жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және бюджеттік мекемеге қызметкер қабылдау конкурстары ашық жәрмеңке арқылы, қажеттілігіне қарай тікелей эфир және әлеуметтік желілер арқылы көрсетіліп, бұл бағыттағы жұмыстар да жолға қойылыпты. Сонымен қатар, Жорабек Нұрмергенұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарға да тоқталды. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттер бойынша әртүрлі салаларда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кеңес соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, аудан әкімінің есебі назарға алынды. Сонымен қатар, еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру бағытындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізілді.  

Қазыбек ҚАЛДЫБАЙҰЛЫ.

Меркі ауданы

Ұқсас жаңалықтар