Ұлттық қолөнерге қолдау көрсетіледі
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, тігінші Анар Бексұлтановамен кездесті. Жүздесуде тағдыр сынағына қарамастан ұлттық қолөнер – тігіншілікті жанына серік етіп, сол арқылы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, бүгінде өз кәсібін ашып, бірқатар қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып отырған Анар Бексұлтанова өзінің тәжірибесімен және ой-пікірімен бөлісті.
Ол ұлттық қолөнер – тәрбие көзі екенін, оның жас ұрпақтың қалыптасуындағы маңызды рөлін айрықша атап өтіп, мектеп оқушыларына арналған қолөнер курстарын ұйымдастыру бойынша ұсынысын білдірді. Сол арқылы ол құрақ құрау, жүннен жасалатын бұйымдар, ши тоқу және тағы басқа қолөнер түрлерін жаңғыртуды көздеп отырғанын айтты.
Сондай-ақ, қолөнершілердің статусын жоғарылату, әр ауданнан бес адамды осы жұмысқа баули отырып көрме өткізуге, ол үшін арнайы қолдау қорын құру керектігі сияқты жобасы мен өтінішін жеткізді. Кездесуде сонымен қатар мектептегі еңбек пәні мұғалімдерін де арнайы курстардан өткізудің де өзектілігі айтылды.
Облыс әкімі барлық ұсыныстардың маңыздылығына тоқталып, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау бойынша тиісті шаралар қаралатынын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




