Әлеумет
Ветеринария саласындағы комплаенс-офицерлерімен кездесу өтті
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2023
- 527
Ветеринария саласындағы комплаенс-офицерлерімен кездесу өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі мақсаты квазимемлекеттік сектор ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай ветеринария саласында комплаенс қызметін сапалы жүзеге асыру мақсатында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев «Antikor» сервистік орталығында ветеринария саласындағы мекеме басшыларымен және комплаенс-қызметіне жауапты мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің Превенция басқармасының офицері А.Кулданова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін жүзеге асырудың тиімді жолдарына тоқталып, осы саладағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі талдау жүргізудің негізгі қағидалары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды сапалы орындау қажеттігі туралы ескертілді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таңымыз нұрлы, шуақты болсын!»
- Бүгін, 06:21
«Қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбек ете беремін»
- Бүгін, 06:11
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




