Әлеумет
Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өтті
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2023
- 652
Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өтті
Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым. «Заңсыз сыйақы» өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған. Осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев, Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Момбаев қатысты.
Іс-шара барысында республика аумағындағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар бойынша әзірленген бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың кері әсері, елдің дамуына тигізетін зардабы, жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айтылды.
Өз кезегінде, Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы полковник Е.Момбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




