Су құбырлары жаңартылуда
Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті «Жамбыл су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны инвестициялық бағдарламасының жобасын іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстары бойынша баспасөз туры өтті. Аталған іс-шараға аталған департамент басшысы Алмат Абдрайхан, облыстық мәслихаттың депутаттары Жанар Бүркітбаева және Жұмахан Танкебаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Руслан Мырқалықов және Нариман Мәуленов, облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылық басқармасының, «Amanat» партиясының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің және «Жамбыл су» кәсіпорнының өкілдері қатысты.
Жиын барысында «Жамбыл су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорнының директоры Медет Беркімбаев, мекеменің бас инженері Шүкірғали Ахимов су құбырларын тарту жұмыстары бойынша мекеменің атқарып жатқан жұмыстары бойынша толық ақпараттарымен бөлісті.
Инвестициялық бағдарлама бойынша жоспарланған қаражат 560 004 мың теңге, оның ішінде, су жүйесіне 359 193 мың теңгеге ұзындығы 8 километр су құбырын ауыстыру жоспарланған. Бүгінгі күнге су желілерінде ұзындығы 2622 метр су құбыры ауыстырылып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Қазіргі уақытта А.Пушкин көшесінің бойында, Ж.Баласағұн мен Қосы батыр көшелері аралығында «Жамбыл су» мекемесінің қызметкерлері жұмыс атқаруда.
Жиын соңында қатысушылар жоғарыдағы аталған көшелерге барып, жұмыс барысын жан-жақты зерделеді.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді