
Сөз бен тіл - егіз
Көп сөз ұғымсыз келер,
Зардапты тыңдаушы көрер.
***
Бос сөзден түк те түспес,
Жалқаудың ісі бітпес.
***
Қаңқу сөз – қинар,
Жала сөз – бунар.
***
Жаһандағы ең қауіпті у – сөз. Оның ішіндегі ең қауіптісі, көзіңше мақтау.
***
Әр елдің ырым-тыйым, салты бар,
Сөз, ұғатынға ғана айтылар.
***
Сөзіңнің тыңдаушысы болса, қуануға болады,
Мейірімді көздердің жылытады шуағы.
***
Жылы сөз бойды балқытар,
Мадақ сөз көңіл шалқытар.
Көркем мінез медет сыйлап,
Құлшынта көкте қалқытар.
***
Сүйкімді ауыздан сағынған сөздер, шыққандағы рақаттың шегі болмас.
***
Сөз асылы, түсінгенге нағыз гауһар,
Үстірт оқу – уақытқа қор, махрұм болар.
***
Ойға олақ, сөзге шорқақ болар,
Сөзі олақтың, ойы шолақ болар.
***
Сөзі мәндінің – ой-өрісі кең болар,
Тәртесі қысқаның, айтары дөң болар.
***
Тыңдаушыға керегі – ұзын-сонар сөз емес,
Қысқа да нұсқа, ойы анық – тұжырымды сөз.
***
Сөзі көптің ақылы жоқ.
***
Жөн сөзге тоқтамаса, ол адамның ойсыз болғаны,
Әділдіктің қашанда, шындық болады қорғаны.
***
Жүйелі сөзге тоқтамау – арсыздық белгісі,
Жолсыздыққа жол бермей, тәртіп сақтау – жөндісі.
***
Сөз қадірін білмеу – мешеулік,
Санасуды білмеу – есерлік.
***
Сөзді орнымен айтқан – тындырар,
Сөзі мән-мағынасыз – бос мылжыңдар.
***
Сөзіңді шындықтан бастасаң, соңғы сөзің де елге майдай жағар.
***
Сөздің тартымдылығы – жеріне жеткізе білу мен орындылығында.
***
Кесірлі сөз, ауыздан шықпасын,
Керекті сөз, санадан шықпасын.
***
Орынды айтылған сөз – қашанда тартымды,
Орынсыз айтылса, мыс дейтіндей алтынды.
***
Сөз орнымен айтылса, үстемдік те етер,
Керек кезде тілді тежемесе, бас та кетер.
***
Сөзден жаңылыссаң, жаныңдағылардан сұра,
Жолдан адассаң, артыңдағылардан сұра.
***
Жүрекке жеткен сөз көңілді ашар,
Ауыр айтылған сөз еңсені басар.
***
Сөз ұқпайтын ақымаққа айтқан сөз – ағып кетер сылдыр судай,
Зерекке сөз айтсаң, көңліне тоқып алар бағалы жырдай.
***
Сөз түсінер адам болса, саралар,
Мағыналы сөз – алтынға барабар.
***
Сөзді қисынынан таниды,
Озбырға әркім де налиды.
***
Қажетті сөзден зерікпе,
Былапыт сөзге елікпе.
***
Мәнді сөзді білген айтар,
Мәнсіз сөзді бәдік шайқар.
***
Сапырма сөз – басқа әлек салар,
Миды аталатып, уақыт алар.
Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ,
Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының құрметті ардагері
(Жалғасы бар).
Ұқсас жаңалықтар
Халықты ашаршылықтан аман алып қалған Аманов
- 29 мамыр, 2025
Батырдың ұрпағы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік
- 29 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді