Майтөбе ауылында өрт бекеті құрылды

Майтөбе ауылында өрт бекеті құрылды
ашық дереккөз
Майтөбе ауылында өрт бекеті құрылды
Майтөбе ауылы ең жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен 25 километр жерде орналасқан және онда өрт сөндіру бекетін құру қажеттілігі 2022 жылы туындады. Мәселені шешудің әртүрлі нұсқалары ауылдық және аудандық әкімдіктер деңгейінде қарастырылды. Аудан бюджетіне шағындығын ескере отырып, Талас ауданы әкімінің келісімімен 2023 жылы Майтөбе ауылында өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру жоспары жасалды. Осыған байланысты аудан әкімі 2023 жылғы 26 шілдеде «Майтөбе ауылында өрт сөндіру бекетін құру туралы» №01-190 қаулыға қол қойды. Аудандық бюджеттен бекетті ұстау үшін 6 миллион теңге бөлінді. Аталған бекет алты штаттық қызметкерлермен жасақталған. Оның ішінде 3 жүргізуші және 3 өрт сөндіруші бар. Өрт сөндіру бекеті Берікқара ауылдық округінің мекемесінің ғимаратында орналасқан. Онда дема лу бөлме сі, теле фон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес, өрт сөндіру бекетін құру үшін «ӨСжАҚЖҚ» ММ жарамды өрт сөндіру техникасы Талас ауданы, Берікқара ауылдық округі әкімдігі аппаратының теңгеріміне берілді. Осы процедуралар аяқталған соң және елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіне отырып, 4 қыркүйекте Талас ауданы, Майтөбе ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсіміне Талас ауданы әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаров, Берікқара ауылдық округі әкімі Ербол Смайлов, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің Талас ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, сондай-ақ Майтөбе ауылының тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы өрт сөндіруге шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, халыққа жәрдем береді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады. Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 20 километр радиуста 2 мыңнан аст ам тұрғыны бар 2 елді мекен, сондай-ақ Тараз-Қаратау тасжолы мен басқа да нысандар орналасқан. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Талас ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері бекеттің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен шартты өртті сөндіру бойынша теориалық және практикалық сабақтар өткізді. Жаттығулар барысында олардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері, өрт кезінде өрт автокөлігінен су беру және су көздерінен су алу амалдары пысықталды. Өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады.

СУИЦИДТЕН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Осы жылдың 5 қыркүйегінде сағат 15:30-да облыстық төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына Тараз қаласының бір тұрғыны көпқабатты үйінің 5-қабатының терезесінен секірмек болған әйелдің өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 5 бірлік техника мен 15 адам, оның ішінде департаменттің психологы бар жедел құрам жөнелтілді. Құтқарылған әйелмен алғашқы психологиялық көмек санаулы уақытта кәсіби әрі жылдам көрсетілуі қажет болды. Департамент психологы Ғалия Елгембаева бірнеше секунд ішінде сөйлеу, киіну бойынша мінез-құлық және іс-әрекет ерекшеліктерін, өмір салтын анықтады. Сонымен бірге жағдайды бағалап, сенімді байланысқа шыға отырып, тыныштандыруға көмектесті. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің себебін анықтады. Әйел ойдағыдай құтқарылып, полиция қызметкерлеріне табысталды.

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА «ГАЗБАЛЛОН» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Қордай ауданы төтенше жағдайлар бөлімімен сұйытылған газды құю объектілеріндегі өрттердің алдын алуға байланысты жанармай және газ құю станцияларында өрттің алдын алу бойынша «Қауіпсіз жанармай құю» профилактикалық акциясы ұйымдастырылды. Жұмысшылармен өрт-қауіпсіздігі тақырыбына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, автогаз құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салу бойынша қызметкерлерге түсіндірілді. Газдың өз ерекшеліктері бар. Бұл ерекше қасиеттерін жетік білмеген жағдайда немесе немқұрайлықпен қараса жарылысқа, өртке және улануға апарып соғады. Өрт шығудың негізгі себебі – газдың шығып кетуі. Газ құбырының герметикалық қасиеті бұзылса, газ оты шығатын жерден газ шығып кетуі де өртке себеп болады. Табиғи газ да сұйық газ да ауамен қосылса жарылатын қоспа пайда болады. Сондықтан, газдың иісін сезген кезде, сіріңке жағу, элекроөшіргіштерді жағу, ашық отты пайдалану немесе темекі шегуге тыйым салу керек. Өйткені, бұл шараларды орындамаған жағдайда газ жарылысы болады. Сұйық газдар табиғи газдарға қарағанда өрт шығу қаупі жоғары.

ГАРНИЗОН «ЖИЫН» ДАБЫЛЫ БОЙЫНША КӨТЕРІЛДІ

Облыстық төтенше жағдайлар департ аменті құтқарушылардың қырағылығын тиянақтап , қызметкерлердің шапшаңдығын тұрақты түрде шыңдап отырады. Әдеттегідей оқу-жаттығу басталар алдында департаментте таңғы сағат 6:30-да «Жиын» дабылы бойынша гарнизон шұғыл көтерілді. Жиын барысында күштер мен құралдардың дайындығы, жеке құрамды уақтылы хабардар ету, дабыл сөмкелерінің жинақталуы, қызметтік құжаттардың болуы, нысанды киім-кешектің белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді. Сондай-ақ, облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайларды жоюға шұғыл әрекет ету талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық жүргізілді.

ЖАМБЫЛДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӘРІПТЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Былтыр, яғни 2022 жылдың 7 қыркүйегінде Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінде орын алған өртте қызметтік міндетін атқару кезінде қызыл жалынмен күресте Айдос Тогузбаев қаза болған еді. Облысымыздың төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басқарма аппаратының қызметкерлері, қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінің жеке құрамы азаматтық қорғау сержанты Айдос Еруланұлының рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысы әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың қатарында саналатындығы баршаға белгілі. Бірақ өзінің өміріне төнген қауіпке қарамастан әріптесіміз Айдос Тогузбаев антына адал болды. Оның өзі өмірден өтсе де есімі әріптестері мен ел-жұртының жүрегінде мәңгілік сақталады.  

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар