Әлеумет
Бүгін Бас Прокурор Берік Асылов Баку қаласында ТМД-ға қатысушы елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 33-ші отырысына қатысты
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2023
- 492
Бүгін Бас Прокурор Берік Асылов Баку қаласында ТМД-ға қатысушы елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 33-ші отырысына қатысты
Қадағалау органының басшысы өз сөзінде бас прокурорлардың үйлестіру кеңесі бойынша шетелдік әріптестерімен Қазақстан прокуратурасының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
ТМД-ның барлық елдері прокуратураларының қадағалау қызметінде басымдық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болғандықтан, қазақстандық прокурорлардың жұмыс тәсілдері мен нәтижелері кездесуге қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, қылмысқа қарсы күресте және заң бұзушылықтың кез келген көріністерінде әріптестікті нығайту қажеттігі туралы ортақ пікірде болды.
Отырыс қорытындысы бойынша бас прокурорлар Үйлестіру кеңесінің басым міндеттері мен одан әрі өзара іс-қимыл тетіктерін айқындайтын шешіміне қол қойды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




