Жылыту маусымы ойдағыдай өтуі тиіс
Жылу беру науқаны жақындап келеді. Оған дайындық барысын пысықтау үшін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар жылу энергетика кешендерін аралап, олардың қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді. Ербол Қарашөкеев ең әуелі «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамында болды. 58 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетіп отырған мекеме шаһардың 80 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Бюджет есебінен «Таразэнергоорталық» АҚ-ның РК-4 қазандығына қосымша қазандар сатып алуға 932,8 миллион теңге бөлінген.
Облыс әкімі орталықтың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен таныса келіп, жауаптыларға жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқарылуын бақылауға алуды тапсырды.
Келесі кезекте өңір басшысы елдің оңтүстік өңірін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» акционерлік қоғамында болды. Станцияда жалпы қуаты 1230 мегаватты құрайтын алты энергия блогы орнатылған. Мұндағы жабдықтардың тозу деңгейі 30,4 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 25 пайызға дейін төмендету жоспарланған.
Ербол Қарашөкеев «Жамбыл-Жылу» мекемесінің жұмысымен де танысты. Жылыту орталығы 86 көпқабатты үйге және бюджеттік мекемелерге қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда мекеме шетелдерден жылыту қазандықтарын алдыртуда.
– Басты міндет – қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жылыту маусымы ойдағыдай өтуі тиіс. Мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар ерекше бақылауға алынуы керек, – деді облыс әкімі.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Батыр рухына тағзым етті
- Бүгін, 03:47
«Көңілімнің күйі де, орындайтын күйім де еліммен бірге»
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




