Мақсат бар жерде шектеу жоқ

Мақсат бар жерде шектеу жоқ
ашық дереккөз
Мақсат бар жерде шектеу жоқ
Дәл осы атаумен халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай Жамбыл облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында облыстық байқау өтті. Байқау мақсаты – зағип жандардың мәдени-білім деңгейін арттыру, компьютерлік сауаттылығын көтеру, қоғамға бейімдеу және оңалту, түрлі салада зағип жандардың ой- өрісін кеңейтуге ат с алысу, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту. Бұл байқауға аймақтың барлық облыстарының зағиптары қамтылды, олар өздерінің зағип болса да өмірге деген құштарлығын көрсетіп, өзара тартысқа түсті. Нәтижесінде «Компьютерде жылдам теру» номинациясы бойынша ІІ орынмен Ермек Атакозиев, І орынмен Ербол Бегимов марапатталды. «Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша ІІІ орынды Шорахан Құттыбаев, ІІ орынды Бейбісара Асылова, І орынды Нышанкүл Әбішова иеленді. «Диктант» номинациясында ІІ орынды Нұрсұлтан Ақбаев иеленсе, Қолғанат Оңғарбаева І орынмен марапатталды. «Эссе» номинациясында алдыңғы шепке шыққан Мария Нисонова болды. «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып айту» номинациясында ІІ орынмен Болат Қасымбек, І орынмен Амангелді Сәрсенбаев марапатталды. Сондай-ақ, жүлделі орынды иеленген оқырмандарға кітапхана тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Алда І орынды иеленген үміткерлер ре спубликалық байқауда аймақ намысын қорғап, бақ сынайтын болады.  

Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар